+2 дауыс
1.5k көрілді
3-4  маусым күні қай облыс ҰБТ тапсырды? және қалай өтті ? шпорға соткаға мүмкіндік болды ма?

10 жауап

+2 дауыс
Бізде Мақтарал ауданында тапсырды. Ешқандай мүмкіндік болған жоқ...
+2 дауыс
қиын болды дейді камера дан коріп тұрады деиді комиссиялар 1 минут болсада еш жақа шықпай қақиып тұрады арта отсан шпор пайдалануға болады егер алды болсан жолын болмаған қаладағыларға қиын болады
қай облыс
кызылорда
менде ең алдында оттым
Атырау обл.Индер аудан...Киын болд....((
+2 дауыс
шпорға сенудің қажеті жоқ,ешқайсысынан шықпайды.
+2 дауыс
біздер бүгін  Атырау облысы Индер ауданында тапсырдык қиын болды шпор ештене шкпйды баска сену керек
0 дауыс
Құрметті Қазақстандық ҰБТ тапсырушылар! 2012 жылғы ҰБТ-ны соншалықты қиын деп айта алмаймын. Оқыған адамға еш қиындығы жоқ. Министр Жұмағұлов ағамыз осы тәсілді ертерек қолдануы керек еді. Шпормен, ұялы телефонмен түскен оқуды ары қарай қалай оқимыз деп жүрсіздер. Қазақ елі ондай студенттермен қалай дамымақ. Келешек ұрпаққа күлкі, таба боламыз. Оқуға шпормен түстіңіз делік. Қаншама профессор,академик, ғалымдар сабақ береді, оларды қалай игересіз. Жарайды, оларды да соткамен, шпормен алдадыңыз делік, диплом қолда, дәрігер, мұғалім, агроном болып қызметке келдіңіз. Емдеген адамыңыз жазылмаса, оқушыңыз ҰБТ тапсыра алмаса, еккен егініңіз шықпаса, Сізге елдің бәрі күледі ғой. Сонда не деп ақталасыз? Шпормен оқып едім дейсіз ба? Жоқ! Қазақстанға Бөкейханов, Рысқұлов, Байтұсынов аталарымыз сықылды білімдар азаматтар қажет. Сол үшін, Қазақтың ертеңі үшін, таза әрі терең білім керек. Министрді жамандап қателеспеңіздер. Әсіресе ата-аналар. Жұмағұлов қазақтың келешегі үшін, бәріміз үшін жасап отыр осының бәрін. Білімсіздік еліміздің, ұлтымыздың соры. Жаңылмаңдар, оқыңдар. Өздеріңнен кейінгілерге де осыны айтыңдар. Елдегі байлықты білім қазақ жастары игерсе нұр үстіне нұр емес пе Құрметті Қазақстандықтар!
0 дауыс
ҰБТ тапсырушыларға қиын болды дейді,оған кім кінәлі? Бірінші ата-ана, екінші мұғалім, үшінші оқымағандықтан бала кінәлі. Ата-ана талап қойса қай мұғалім оқытпайды. Баланың болашағына көз салмайтын мұғалімнен не қайыр. Оқушының бәрі ЖОО түсуі міндет те, мүмкін де емес. Бірақ қай салада болсын сауатты адам қажет. Қазақстанда оқимын деген адамға барлық жағдай жасалған. Не оқимын, қай елде оқимын деп қиналудың қажеті жоқ, басыңда білім, ойыңды қорыта алатын миың, кісіге түсіндірерлік тілің болса не арманың бар. Көзі ашық азаматтар білімсіздікпен күресуі қажет. Олай болмаған жағдайда сыбайлас жемқор, парақорлармен күресу айға секіріп міну сияқты қиял ғана. Баласының білімсіздігінен, мұғалімнің жалқаулығынан емес, министрден көру оңай, арзанға түседі бұл халыққа. Жұмағұловтікі дұрыс. Қазақстанның болашағы білімді АЗАМАТТАР. Шпормен оқыған байғұстар кімді жарылқамақ. Көріп жүрміз ондайларды. Алысқа кетпей-ақ қояйық.
+1 дауыс
3-і күні Атырау обл, Махамбет ауданында бізге ҰБТ-өтті, шпор, соткаға ешқандай мүмкіндік болмады, тек өз білімімізбен шықтық.
0 дауыс
Құрметпен 2013 жылы ҰБТ тапсыратын іні-қарындастарыма! Биыл аға-тәтелеріңнің ҰБТ-дан қалай өткендерін көрдіңдер ғой? Сондықтан да бүгіннен қалмай дайындалыңдар, әйтпесе күлкі боласыңдар. 1-кезеңдегі ҰБТ-ның қортындысын көруге барсам жаназа намазы сияқты көпшілігі бірін-бірі құшақтап жылап жатыр. Інім 120 баллмен медалін қорғапты. Мәз-мәйрам. Інім сияқты аздаған топтың қуанышы болмаса, қалғанынікі аза тұтқандай. Кімнен көреді олар тапсыра алмағандарын. Балам 84 балл алды. Ренжідім. Қайтейін,айттым оқысай деп, оқымасаң охранниктен ары аса алмайсың мына заманда деп. Әйелің повар. Рахат. Сотка мен шпорға сенген біріншіден мұғалмдер. Пробный болған кезде байқағаным шпорды жақсы, көрсетпей пайдалана білгендерге құрметпен қарап, жарайсың деп қояды. Бала сорлы мәз. Бір қызығы қаншама баладан неге ҰБТ-ға қатысайын деп жатырсың десем, бәрі тапсырып жатыр ғой, қатардан қалма деді әке-шешем дейді. Сонда ҰБТ "Поле чудес" болғаны ғой. Құдай аясын біздің балаларымызды. Мұғалімдерімізге сеніп тапсырыған балаларымызды оқытуға қайрат,ізгі ниет, денсаулық берсін.Қазақтың қара ДОМАЛАҚТАРЫ әлемдік деңгейдегі түрлі салаларда биіктерден көрінсін. АЛҒА ҚАЗАҚСТАН!
0 дауыс
3 маусым күні Алматы қаласы, Бостандық ауданының №145 мектебі тапсырды, өте қатал өтті, ұялы телефонмен кіру тіптен мүмкін болмады
0 дауыс
"Қара нан мен қара су ішіп тыныш ұйықтағанға не жетсін"-деп бір марқұм көрші әжеміз жиі айтатын. Сол сияқты Ұлтымыздың болашатағы тыныштығының бірден-бір кепілі-білім. ҰБТ тапсыра алмағандар ренжісе өздерінен көрсін. Сайттарды ашсаң еститінің дұрыс емес, сұрақтары қиын, шпорымыз бен соткамызды алып қойды  деп ренжіп жатыр. Сонда ол не үшін, кім үшін ҰБТ. Оған соншама ақша жұмсап не керек. Ондай болатын болса қара нан мен қара су ішіп үйден тапсырып жатайық. Жарықтық, Абай атамыз қара сөзінде айтқандай :"Көп ақымақ"-дегені рас қой. Оқымадың деп балаға ренжімесе, оқытпадың деп мұғалімге ренжімесе, оқыта алмадым деп өзіне ренжімесе, ондай әке-шешеден не үміт, не қайыр. Бәріне кінәлі министр олар үшін. Отанымызға сауатсыз бала неменеге керек? Алфавит, көбейту таблицаларын білмейтін түрлі салада қызмет істеп жүрген азаматтар бар. Олар қаншама адамның тағдырын шешеді, қалай шешеді? Күлкілі!
...