«Мұнайгаз ісі»
Оқу мерзімі:
- күндізгі – 4 жыл;
- орта кәсіптік білім беруші оқу орындарының (колледж) бітірушілері – 3 жылдан кем емес;
- жоғарғы оқу орындарының бітірушілері – 3 жылдан кем емес.
Оқу бітірген соң мұнайгаз ісінің бакалавры деген академиялық дәреже беріледі.
Мамандыққа мінездеме:
Осы мамандықтың түлектерінің кәсіптік қызметтік объектілері:
- магистральдық, кәсіптік және технологиялық құбырлар;
- сораптық және компрессорлық мұнайгазқотару станцияларын және кәсіптік жабдықтарды, мұнай базаларын және газ қоймаларын, магистральдық мұнай өткізгіштерді және газ торларын жобалау институттары;
- тазалауыш құрылымдар;
- резервуарлық парктарды, мұнайгаз құбырларды және тасымалдауыш жабдықтарды пайдалану және қызмет көрсету;
- жылугаздинамикалық техникалық жиынтықтардың диагностикасы;
- мұнайгаз жиынтықтарының объектілерін сертификаттау және техникалық бақылау;
Дәріс және зертханалық сабақтар заманауи құрылғыларымен, арнайы аспаптармен жабдықталған және компьютерлік сыныптарда жүргізіледі.
Қабылдау шарттары:
Студенттерді қабылдау ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша грант және оқуға төлем ақының икемді жүйесін қарастыратын келісім шарт негізінде жүргізіледі.
Тестілеу төрт пән бойынша жүргізіледі: Қазақстан тарихы, орыс (қазақ) тілі, математика, физика.
5В070800 «Мұнайгаз ісі» мамандығына түссеңіз, Сіз өзіңіздің таңдауыңызға ешқашанда өкінбейсіз. Бұл мамандықтың түлектері әмбебап және қабілетті мамандар, оларға еліміздің және қаламыздың ірі және кіші зауыттары, кәсіпорындары, фирмалары, банктері және басқа мекемелері сұраныс жасап отыр.