+2 дауыс
827 көрілді
Құдай Қаласа 5інде ҰБТ тапсырамын уайымдап отырмын.......уайымды қалай басуға болады??

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Сәлем достар. ҰБТ жақындап келе жатыр. Жас түлектердің құлағына алтын сырға ҰБТ-ке психологиялық дайындық.
 1. ҰБТ-ге бір күн қалғанда еш нәрсемен айналыспа. Демал, көңіліңді көтер, емтихан жөнінде ұмыт.
 2. ҰБТ алдында жақсылап ұйықтап ал.
 3. Міне сен аудиторияға жақындадың. Тыныштал! «Мен тынышпын» деп бірнеше рет қайтала. Бірінші қатарда жауап беруге тырыс. Егер кірмей көп уайымдап тұрсаң, қорқыныш сезімі ұялап, қобалжисың, өзіңе сенімсіздік  туындайды.
 4. Ойларыңды жинақтап, эмоцияларыңды ретте.
 5. Аудиторияға «Барлығы жақсы болады» деген сеніммен кір.
 6. Жақсылап отырып, арқанды тік ұста. Өзіңді барлығынан жоғары деп сана. «Менде барлығы жақсы» деген пікірді ұстап, оны асықпай бірнеше рет қайтала. Соңында жұдырығыңды қатты қыс.
 7. Қобалжуды жеңетін тыныс жолдарына арналған жаттығулар жаса:
 — Жайлы отыр.
 — Мұрын арқылы терең дем алу (4-6 секунд)
 — Дем алуды тоқтатып (2-3секунд) отыр.
 8. Тестілеу кезінде қажетсіз сұрақтар қоймау үшін, зейін қойып тыңды. Саған бланкті қалай толтыру, қандай әріптермен жазу, мектеп нөмірін қалай кодтау керек екенін түсіндіреді.
 9. Жан-жағыңа көңіл аудармай, зейін тұрақтылығына тырыс. Сен үшін тек тесті орындау уақыты және тапсырма берілген бланкі маңызды. Тапсырманы соңына дейін оқы. «Тапсырманы бірінші сөздерінен түсінікті деп ойлап қалып, аяғын өзім ойлап табамын» деп асығыстық жасама.
 10. Өзің сенімі сұрақтарға жауап берудеп баста. Сонда сен жұмыс жасауға дайын боласың. Кез-келген сұраққа жауап бере аласың, тек сен ойларыңды жинақта.
 11. Келесі тапсырмаға көшкенде алдындағы тапсырманы ұмыт. Олар бір-біріне ұқсамайды.
 12. Егер сен жауап беруге күмәндансаң, өзіңнің интуацияңа сен!
 13. Өз жұмысыңды тексеріп шығуға уақыт қалдыр. Қателерді байқау үшін көзіңмен жүгіртіп өт.
 14. Барлық тапсырмаларды орындауға тырыс, бірақ практика жүзінде мүмкін емес екенін есіңе сақта. Тестік тапсырмалар максимальды еңбектенуге арналған, ал жақсы баға алу үшін кемі тапсырмалардың 70% орындау керек.
 ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК!
Рахмет Майрош
Оқасы жоқ! сағанда рахмет))
+2 дауыс
киын боладдд тек соткадан шпор тым таппайды тек апаларына хабарласып ммс пен тусуруге тырыс
уайымын екі еселедің))
шындык  солай калай жасырайн ,,,
+4 дауыс
Еш уайымдама...Саған бір каробка Сәттілік тілеймін! Бастысы, еш уайымдамай, қорықпай кіруің керек, қорықсаң өз өзіңді ұстап бересің!
уайымын бастың_ +
Жәси рахмет саған
Арзымайды. Қазақ тілі мен орыс тілін жақсы білсең, оп-оңай, онша-мұнша өзгеріс жоқ. Математика мен тарихтан сәл өзгеріс бар, математикадан 1 логикалық есеп қосылған, тарихтан сол 2012 сұрақ кітапшасының  сұрақтары бірақ, әдейі шпордан шықпайтындай етіп, сөздері өзгертіліп шатастырылған, ал 5сінші таңдау пәніңде онша өзгеріс жоқ.
Жәси көп рахмет сізге
+1 дауыс
сәттілік, мен 2 де тапсырдым,жаксы өтті, ішін айтсам жаман болды,кімді кінәлаймын болған іс болды.Бір тәнірге тапсыр, бұйырғаны болады. Алла қаласа сен де барлығы жақсы болады
Қанша жинадыңыз ?
Рахмет Әлия
+2 дауыс
бүгін Біз тапсырдық (қызылорд) страшно болд! Соткамен ұсталғандарды шығарып жіберд. недеген комиссия екенін қайдам өздерінің балдары жоқ сияқты! Тесттен шықпай жатып талып, жылап жатқандар да аз болған жоқ.... қысқасы шпорға сенбей-аққой көмектеспейд. Сұрақтар вообще басқа қайдан келгенін қайдам.......
сұрақтар 2012 тесттері тек орындары алмасқан
менде Қызылордаданбын 5 ыда тапсырамыз
менде 5 да тапырдым бүгін ертең өзің көресің орнын ауысқанын!
қай аудитория?
1 ші!(8 әріптен кем болмасын)
2 ші аудитория қай этаж білесің бе?
білмим биздікі 3 этаж
...