0 дауыс
1.5k көрілді
кондиционер жайында ақпаратта жазылған сайттар керек мүмкін болса қазақша және суреттерімен бірге көрсетілген сайт өтінемін көмектесіңізші

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Салқындатқыш он шақты
жыл бұрын ауқатты үйлерде
ғана болатын. Қазір біршама
арзандады. Сонда да
тұрмыста кең тарала қойған
жоқ. Оған ел арасында жиі
айтылатын аңыз да өз әсерін
тигізетін сияқты. Себебі
«салқын желден тұмауратып,
белім шойырылды» дейтіндер
көп. Бірақ оның рас-өтірігіне
көз жеткізу қиын. Сондықтан
мынадай ыстық жалғаса
беретін болса, дүкенге
жүгіруге тура келеді.
Қалай пайда болды?
Кеңес дәуірінде өмір сүргендер
біледі, ол кезде кондиционер
деген қол жетпейтін таңсық
дүние еді. Көбіне
«Баккондиционер» өнімі
бастықтардың кабинетіне
орнатылатын. Ал батыстағы
бақытты адамдар оның
қызығын өткен ғасырдың
басында-ақ көрген. 1929 жылы
General Electric фирмасы
тұңғыш бөлме кондиционерін
шығара бастады. Алғаш рет
салқындатқыш құралды ойлап
тапқан француз Жанн
Шабаннес 1815 жылы желдету
тәсіліне патент алған болатын.
Ал тұңғыш кондиционер 1902
жылы жасап шығарылды.
Ішіндегі хладагент ретінде
аммиак қолданылатын. Алайда
оның буы зиянды
болғандықтан, 1931 жылы
фреонға ауыстырылды. Бұл
бәрін бір қорапқа жинап,
кондиционерді бөлме ішінде
орнатуға мүмкіндік берді. Ол
қазіргі терезе кондиционеріне
ұқсайтын. Қарапайым, қолайлы,
орнатуы оңай әрі арзан.
Тұңғыш салқындатқыш туралы
айтқанда, Кельндегі театр еске
түседі. Мұнда көрермен
спектакль көру үшін емес,
салқындап қайту үшін
жиналатын. Детройттағы
әмбебап дүкен де
кондиционердің арқасында
саудасын үш есеге арттырды.
Бастапқыда кондиционер
нарығы америкалықтарға
тиесілі еді. Өткен ғасырдың 60-
жылдары нарықты жапондар
жаулай бастады. 1958 жылы
олар жылу насосын ойлап
тапты. Енді бұл құрал бөлмені
салқындатып қана қоймай,
суық кезде жылытатын қасиетті
иемденді. 1961 жылы сплит-
жүйесі жолға қойылды.
Компрессорын далаға
шығарған соң, гуілі азайып,
соның арқасында сатылым
көлемі ұлғайды. 1969 жылы
пайда болған мультиплит-жүйе
сыртқы бір блок арқылы
бөлмедегі бірнеше
кондиционерді қуаттандыруға
қол жеткізді. 20 жылдың ішінде
жапондар нарықтың 95
пайызын жайлады. Қазір ыстық
жақтағы ел салқындату
құралынсыз өмір сүре
алмайтын жағдайға жеткен.
Қалай таңдаймыз?
Жақсы кондиционер сатып алу
– оңай шаруа емес. Әсіресе,
қазіргідей шыжыған ыстықта
алданып қалу оп-оңай.
Тұтынушының қолына түскенін
сатып алуға даяр тұратынын
білетін әккі сатушы сапасыз
тауарын өткізіп жіберуден
тайынбайды. Сондықтан
нарықта бұрыннан танымал
компаниялардың тауарына
көңіл аударған дұрыс.
Дүкенге бармас бұрын
кондиционер түрлерін біліп
аламыз:
а) Терезе кондиционері. Бір
ғана блоктан тұрады. Арзан,
орнатуы оңай, бірақ шуы көп.
ә) Сплит-жүйесі. Екі блоктан
тұрады: ішкі және сыртқы
компрессор. Қабырғаға ілінетін,
төбеге орнатылатын түрлері
бар. Шуы естілмейді, бірақ
монтажы күрделі.
б) Жылжымалы
кондиционер.Бір блоктан және
сыртқа шығарылатын
құбырдан тұрады. Оны бөлме
ішінде ары-бері жылжытуға
болады, тіпті өзіңізбен бірге
алып жүруге де болады.
Таңдау кезінде нені ескерген
жөн? Ең әуелі қуат мөлшеріне
қараймыз. Тұрмысқа қажеттісін
анықтау оңай – бөлме көлемін
онға бөлсе жеткілікті. Егер
бөлме ішінде теледидар,
компьютер болса, қуатын
15-20 пайызға арттыру керек.
Пәтердегі бөлме үшін көбіне
классикалық сплит-жүйенің
қабырғаға ілінетін түрін
таңдайды. Жылы жақтарда
терезе желдеткіші өтімді.
Қазіргі заманғы кондиционер
ауаны тазалайтын қуатты
жүйесімен мақтана алады.
Кейбіреуінің ауаны тазалайтын
сүзгіші болады. Сплит
жүйесінде R22 және жаңа
қауіпсіз фреон R410A
енгізілген.
Кімге сену керек?
Тәжірибе көрсеткендей,
салқындатқыш сатып алуға бел
байлағандар көбіне
таныстарының кеңесіне
сүйенеді. Ал, шындығында,
маман кеңесіне құлақ асқан
дұрыс.
 Сатып алу. Әрине, ең алдымен
қалтаңыз көтеретінін
таңдайсыз. «Арзанның сорпасы
татымайды» деген қағида осы
жерде өтімді. Қытай мен
Кореяның арзан тауарын
алғанмен, оны оқтын-оқтын
жөндетуге жұмсалған уақыт
пен қаржыға обал. Сатушыдан
оны кім орнататынын, қызмет
көрсету тегін бе, ақылы ма,
жылдам ба, ұзақ па – бәрін
тәптіштеп сұрап алған артық
емес. Кепілдендіру мерзімін
анықтап, кепілдеме талонын
алуды да ұмытпау керек.
Зиянды ма?
Бұл жөніндегі пікір екіге
жарылады. Біріншісі –
кондиционердің вирус
таратушы қасиетін жоққа
шығаратындар. Олардың
айтуынша, сплит-жүйесі
бөлмедегі ауаны қозғалысқа
келтіріп, сонымен бірге тазалап
отырады. Көптеген бацилдер
құрал ішінде қалады,
сондықтан көп аурудың
таралуына кедергі. Бөлмедегі
ылғал қажетті деңгейде
сақталады.
Екіншілері «легионерлер
ауруын» алға тартады. 1976
жылы Филадельфия қаласында
осы америкалық легионерлер
ұйымының съезінде жұқпалы
ауру таралды. Бір айдың ішінде
220 легионер науқасқа
шалдығып, 34 адам жарық
дүниемен қош айтысты.
Тексере келгенде, ауруды
қоздырғыш мейманхана
кондиционерлерінен табылған.
Оның ауаға қалайша
таралғанын тәптіштемей-ақ
қояйық. Тоқетері – мамандар
оның ішкі блогын ара-тұра
жуып, тазалап отыруға кеңес
береді. Оның үстіне, күні-түні
пайдаланудың қажеті жоқ.
Нүркен жауабыңызға рахмет бірақ маған кондиционердің тарихы емес оның ішін қалай тазалау керек екенін білгім келеді. Үйдегі кондиционер дұрыс жұмыс жасамай тұр. Алғанымызға бір жыл болған жоқ үйдің ішін мүлдем салқындатпайды. Ішін тазалау керек соның суреттері және ақпараттары қажет еді.
...