+3 дауыс
14.1k көрілді
Тырнақты қалай сынбайтын етіп өсіруге болады?

5 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Әлсіз тырнақтар

Қолыңыз мамықтай жұмсақ болса да тырнақтарыңыз әдемі болмаса ол ешқашан көз тартпайды. Тырнаққа да күн сайын күтім керек. Әлбетте өз бетіңше маникюр жасау әркезде жақсы нәтиже бермесі анық. Тырнаққа әдемі форма ма артық жалбыр еттерден тазарту ол мамандардың ісі саналады. Әркімге тырнағыңды әрлетпей, бір адамның көмегіне жүгінген абзал болар. Әрбір саусақтың өзі жеке дара күтінуді талап етеді.

Ал, әсемделген тырнақты әр қарай өз бетіңше сол формада сақтау икемділігіңе байланысты. Тырнағыңның айналасына өскен етті арнайы қайшымен айналдырып кесіп, етті тері қуысына қарай тығындаңыз. Процедурадан кейін қолыңызды жылы сумен жуып, артынан иісмай жағыңыз. Немесе арнайы гельдерді я болмаса зәйтүн майын қолыңызға жақсаңыз да болады.

Тырнаққа бояу жағып дағдылансаң тырнағың қатты болады. Бояуды мақтамен емес, дәкемен, арнайы дәруішті кетіргіш сұйықтықпен сүртіп кетіру керек. Бояу тырнақта ұзақ сақталсын десеңіз үсітенен боз түсті бояу жағып қойыңыз. Ол сырылып, кетуден сақтайды, қанық түстің ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз етеді.

Егер тырнағың әр нәрсеге ілігіп, мазаңды кетірсе құрамында А витамині бар тағамдар жеу керек. Сондай-ақ лимон сығындысымен тырнақтарыңызды қоректендіріңіз. Лимонды қақ ортасынан екіге бөліп, ыңғайлы етіп доғал шеңбер жасап, соған әрбір саусағыңызды тығыңыз. Лимонның қалдығын тоңазытқышқа салып қойыңыз. Оның сығындысы бір апта бойы пайдалануға жетеді. Лимон құрамындағы В витамині тырнақты қатайтып қана қоймай, оның айналасындағы етке де дәруіш саналады. Лимонмен қоректенген тырнаққа иісмай жағып, артынан оны сүртіп таста.

Ешқашан жасанды тырнақ жапсырма. Тырнақтар да ауамен үздіксіз демалып тұру керек. Жасанды тырнақ табиғи жолмен өсетін процесті тежейді. Табиғилығыңыздан ажырайсыз. Жасанды тырнақтан кейін бұрынғы тырнақтарыңызды қалпына келтіру оңайға соқпас.
Мәлімет көзі: Керекинфо сайтынан
+3 дауыс
тұзды суға салып қолыңды малып жүрсең тырнағың қатаяды
+3 дауыс
Түнде ұйықтар кезіңде тырнағыңа йод жағып қойыңыз (кәдімгі лак жаққандай, мақтамен жағасыз). Кальций Д3 никомед дәрісін ең болмағанда 1 ай ішіңіз жақсы көмектеседі.
0 дауыс
Қайтесіз өсіріп.  түбімен алып тастап, тап-таза болып жүргенге не жетсін!!! Ұзын тырнақты қанша таза ұстағанымен  бәрібір микроб болады!
0 дауыс
тырнағыңызды күніне 1 рет йодпен сүртіңіз менің әпкем осылай тырнағын қатайтты
...