Қызықты сұрақ...
Менде былай, кейде болады, өзімді өте жағары бағалап, көпшіліктен (массада) жоғары тұрғандай сезімде жүремін. Ондай сәттер менде көбіне оқу барысында болады, яғни, қасымдағы достарым түнімен сабақ оқып, азанда қайталап, соның өзінде шатастырып сабағын әрең айтады. Ал, мен үйде сабақ оқымаймын десем де болады, көбіне кітабымды құшақтап ұйқыға басамын. Бірақ мен сол сабақтың үстінде адреналинмен 10-15 минутта жаттап-ақ аламын. Соған қалыпсатып кеткенмін. Сондай кездерде сабақ оқымай жоғары баға алғанда эхх бір жасап қаламын)))
Ал, кейбір жағдайда... Бұл енді көбіне махаббаттан жолым болмаған кездерде "Неге бұлай болды? (чем я хуже других), ммм анау қыздың мінезі де, фигурасы да келісті екен, әттең мен оған лайық емес шығармын..." деген секілді оймен өзімді төмендетіп аламын. Себебі өзімнің басты кемшілігім жаңа ортаға тез үйренісе алмауым... Керек кезде ұтымды ой айта алмай қалуым, сосын өтіп кеткен сон барып...
П.С: Мен басқалардан артықшылығым да кемшілігім де бар екен...
Пендеміз ғой, кейде "неге мен пәленше сияқты жаратылмадым" деп тағдырыма өкпелеп те жатам))