+2 дауыс
296 көрілді
Операны ашқанда мынадай қателік(ошибка) шыға береді,бірақ Опера істей береді.ОК-ді бассам Опера жыбылып қалады.
![description][1]
Осыны қалай кетірсем болады?


  [1]:

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
runtime error қателігін көптеп кең тараған себептердің бірі шақырады:
1-компьютерде орнатылған бағдарламаны қайта орнату барысында;
2-келесі кең тараған себебі-троян немесе жарнамалық шпиондық вирустар сіздің компьтеріңізге еніп, сіздің ОЖ-ыңыздың (операциялық жүйеңіздің) маңызды деген ақпараттарын жойып,немесе зиян келтіруімен байланысты;

Бұл қателікті оңай шешуге болады. осындай орын алған оқиғалардың 99 пайызыында кез келген реестрдің тазалағыш аппараты жойылған бағдарламаларды немесе файлдарды қайта қалпына келтіре алады(восстановить). runtime error қателіктерін кез келген реестр тазалағыш аппараты
қалпына келтіріп,түзей алады. Ол аппарат арнайы сол қателіктерді түзеу немесе қалпына келтіру үшін ойлап табылған.
CCleaner сияқты реестр тазалағыш аппаратын өзіңізге орнатып алыңыз. компьютеріңізді толық тексеріп шығып, runtime error қателігін туғызатын себептерді анықтаңыз. Сіздің компьютеріңіздегі құжаттардың көлеміне қарай тексеріп шығу бірнеше минуттан жарты сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Реестр тазалағыш аппараты сіздің аталған қателігіңізді ғана реттеп қоймай,компьютер жұмысының өнімділігін арттырады.
P.S.1. Сонымен қатар  runtime error қателігін реттеу жөнінде кеңестерді мұннан көре аласыз.
http://neosvc.ru/%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%82%D1%8C%D0%B8/96-%D0%B5%D1%89%D0%B5-%D0%BE%D0%B1-runtime-error.html
P.S.2. Егер сізде мына қателік орын алса,"This application has requested the runtime to terminate it in an unusual way. Please contact the application's support team for more information", онда сізге мұнда:
http://neosvc.ru/%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%82%D1%8C%D0%B8/53-%D0%BE%D1%88%D0%B8%D0%B1%D0%BA%D0%B0-%D0%BF%D1%80%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F-this-application-has-requested-the-runtime-to-terminate-it-in-an-unusual-way.html
...