Мөлдір Әуелбекованың өмірбаяның тауып беріңіздерші?

+1 дауыс
1.3k қаралым
Мөлдір Әуелбекованың өмірбаяның тауып беріңіздерші?
• Санаты: Жалпы ән туралы

1 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Мөлдір Әуелбекова Тараз қаласының қарапайым отбасында дүниеге келген. 6 жыл бойы баскетболмен айналысқан. 9 сыныптан кейін Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі музыка факультетінің домбыра бөліміне түсіп, оны тәмамдағаннан кейін Алматы қаласындағы Темірбек Жәлелов атындағы өнер академиясының әншілік бөліміне түскен. Қазіргі таңда аталған оқу орнының магистратурасында білімін жалғастырып жатыр.
SuperStar KZ музыкалық жобасының екінші маусымына қатысқан соң Баян Есентаеваның қырағылығымен үміткерлердің арасынан «КешYou» тобына таңдап қосылған.
2010 жылы «КешYou» «Шығыс базары» атты халықаралық фестивалінде бірінші орынды иеленген. Сол жылдан бастап Мөлдір актриса ретінде де танылып келеді. Мөлдір Әуелбекова бүгінгі таңда әншілік өнермен қатар актрисалық қызметті де тең дәрежеде алып жүр. Белгілі «Ғашық жүрек» атты кинодағы басты рөлін сомдағаннан кейін жеке тұлға ретінде танымал бола бастады.

Ұқсас сұрақтар

127,728 сұрақ
322,300 жауап
153,149 пікір
72,750 қолданушы