Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесіне сәйкес жүргiзушi отырған жерден көрудi шектейтiн, жол қозғалысына қатысушылардың жарақат алу қаупiн тудыратын қосымша заттар орнатылған жағдайларда көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Механикалық көлiк құралы кабинасының желқағар және алдыңғы бүйiрiндегi әйнектерiне жабу, оның iшiнде түрлi-түстi мөлдiр пленкалар жапсырылған. Ескертпе. Желқағар әйнегiнiң жоғары бөлiгiне - енi 140 мм-ден аспайтын, ал М3, №2, №3 санаттарындағы автокөлiк құралдарына енi желқағар әйнегiнiң жоғары шегi мен оның әйнек тазалағышпен тазалау аймағының жоғары шекарасы арасындағы ең аз аралықтан аспайтын түрлі-түсті мөлдiр пленка жолағын пайдалануға рұқсат етiледi. Автобустардың терезелерiне пердешелер, сондай-ақ жеңiл автомобильдердiң артқы әйнектерiне жалюздер және пердешелер қолдануға рұқсат етiледi.