+2 дауыс
560 көрілді
Қай уақытта адам айналасына тәуелсіз бола алмақ ? Бостандықты сезе алмақ ? Сыртқы факторларға мән бермей бақытты өмір сүре алмақ ? Қай кезде. . . ?

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Әр сұрағыңызға жекелей жауап беріп көрейін:
Қай уақытта Адам АЙНАЛАСЫНА ТӘУЕЛСІЗ бола алмақ ?  - ешқашан
Бостандықты сезе алмақ ? - Әр қалаған сәтінде
Сыртқы факторларға мән бермей бақытты өмір сүре алмақ ? - дүниенің даму, орынынан алға жылжуы үшін сыртқы факторлар өте қажет, шаршау, қажу сезініп өзіңізді бақытсызбын десеңіз, өз өзіңізді қолыңызға алыңыз, алдыға талпыныс жасап көріңіз, әлем, ғалам қаншалықты ғажап екенін сезінесіз, көресіз.
Кешіріңіз, дегенмен сіздің сұрақтарыңыздың мазмұнына қарап, бір түрлі мұңайып та қалдым((((
Ер азаматсыз, талмаңыз, шаршамаңыз!!!
Сізге арнадым,

ҚАЙРАУ
Ғазиз достым! Өмір деген Қатал Ұстаз емес пе?
Қаталдықпен түрлі сынын қатар ұстар емес пе?
АҚЫЛ, САБЫР, ТАЛАП, ЕҢБЕК, ПАРАСАТТЫ серік қып
Төтеп берсең Жеңіс шыңы қолын тосар емес пе?
Биікке ұмтыл, өр талаппен, жалтақтама артыңа,
Рух-жігермен намысыңды қайсарлана қамшыла!
Тауқыметтен жеңілуге ешқандай да құқың жоқ,
Тәуекелдің қанатымен қақ жарып өт шаншыла!
Қайсарлықпен нәзік гүл де тасты тесіп жайқалған,
Намыс оты байқалғаннан қиындық та тайсалған!
Қайсар жандар тағдыр сынын бас игізіп өзіне
Жоғалтқаннан ЖОЛЫН ТАУЫП, артық есе қайтарған!
Сен де достым, қасіретке мойынсұнып налыма,
Буырқана қайраттанып тағдырыңды ал өз қолыңа!
Тағдыр саған у ұсынса елге шипа дәрі ет,
Сәтсіздіктен БАҚЫТ жаса, халық үшін мойыма!
Ең алдымен алға қойған мақсатыңды айқында,
Дүр сілкініп іске кіріс, нық сенімді қалпыңда.
ТАБАНДЫЛЫҚ – мақсатыңа жеткізетін нақты жол,
Тек сол жолмен тайсақтамай ТІКЕ ТАРТЫП АРШЫНДА!!!
Арнауыңа Рахмет, Еркетай. Жауабыңа да.
АДАМ ӘРДАЙЫМ ТӘУЕЛСІЗ ГОЙ
...