туған күнге арналған 16 жастағы қызға тілек тауып бере алсыздарма?

0 дауыс
9.4k қаралым
Жалпы сұрақ

2 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Уақыт - ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалың шақ жағалауына қол бұлғап,адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің.
Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт.Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері коп болсын. Аңсаған арманына тек бакытпен жет.
Назерке қандай керемет тілек!!!
Ия маған да ұнады!+1
+2 дауыс
[Осы ][1] жерден табасыз... жақсы,жақсы тілектерді) жастарға арналған)


  [1]: http://www.kuttybolsyn.kz/tu1171an-k1199nge-tilekter/zhas-d1241uren/
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы