Танымдық, тәрбиелілігі мол, біреудің қатесімен біреуге сабақ беретін, жамандықтан сақтандырып, жақсылыққа жетелейтін, оқырмандар бір-біріне қол ұшын созатын, денсаулық жайлы да, өмір жайлы да, тағдыр жайлы да, дін, уағыз жайлы да, ақыл-кеңес жайлы сыр шертетін керемет газет. Онда оқырмандар өз еріктерімен қателіктерін ашық жазып, қазіргі жастарды өмір сүруге дайындап, жақсылық пен тәрбиеге жетелейді, жамандықтың алдын алып, сақтандырады, өз қателіктерін қайталамауға мүмкіндік бреді. Сонымен қатар онда дін басылары мен пасихологтар, жасы үлкен ата-әжелер сұрақтарыңызға жауап беріп, кеңестерін аямайды. Шынай газет. Рас, ара-арасында интернеттен алынып тұратын ақпараттар да бар.