Әлішердің жауабы бар еді:
Біріншіден, тектілер деген КІМдер. Олар барлық қазақи оң қасиеттерді қамтитын, ең бастысы шыққан тамырын ұмытпас таза ұлтжанды Азаматтар!
Тектілік - адам бойындағы асыл қасиеттердің, парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани сабақтастықпен берілуі. Тектілік құбылысы жақсы адамның кездейсоқ қалыптаспайтынын, ата-бабалардан берілетін дүниетанымдық, ділдік, психологиялық т.б. бейімділіктері болуға тиістілігін көрсетеді. Тектілік гендік түрде берілетін биологиялық қасиет қана емес. Нағыз тектілік сыпайылықтан, кешірімпаздықтан, мейірбандықтан көрініп, осы ізгі ниетпен ешкімді төмендетпей, шеттетпей биіктеуге мүмкіндік береді. Халқының, Отанының мүддесін жоғары қоя білген адамдардың қатары көбейген сайын тектіліктің де қадірі артып, қоғамдағы қайшылықтар шешімі жеңілдейді.
Тектілік тектілікпен анықталады. Ал тектіліктің не екенін жазып кеттім.
жарайды. ред так ред. Сәлем етене таныс дүние-е-е-е-е