0 дауыс
10.7k көрілді

3 жауап

+1 дауыс
*АУА*

*Сәби жұтса – жайраңдайды, күледі,
Ару жұтса – албырайды гүл өңі.
Кәрі жұтса – қарт денесі жайылып,
Жай табады ентіктірген жүрегі.*

*Таңдамайды ол лашық пен сарайды,
Алаламай бәріне де тарайды.
Әуен қосты ол сандуғаштың әніне,
Жұпар қосты ол қызғалдақтың әріне,
Шіркін, бақыт о да жұпар ауадай
Дүниенің түгел жетсе бәріне!*




*ТЕҢІЗ ЖАҒАСЫНДАҒЫ ОЙ*

*Мекен етіп көкшіл теңіз, көкшіл аспан ортасын,
Тұрмын басып құзар таудың қына басқан жартасын.
Төменде мың иретіліп бұрқыраса көк толқын,
Төбемде шың шуақтайды күнге тосып арқасын.*

*Теңіз, Теңіз?... Теңіз неткен, теңіз неткен ашулы!
Білмейді екен бұ жалғанда ол ашуын бір басуды!
Көкжал толқын айбат шегіп мүйіздесе жағаны,
Жалына кеп жартастардың күс-күс қолы асылды.*

*Төбемде шың бойын ылғи өрлік, паңдық билеген,
Әлгі айбатты ақ толқынды теңізге бас имеген.
Күн ғана оны еміреніп маңдайынан сүйеді, –
Екеуінің ортасында тұрмын аң-таң күйде мен.*

*Уа, табиғат, өзің неткен құпияңа беріксің?!
Өрлігіңе, көрігіңе – бар сырыңа жерікпін.
Тауыңның да, дауылдың да, теңіздің де сыры мол, –
Мен ғана тек бұл өмірге құпиясыз келіппін.*

*Толқыным жоқ теңіз болып тулар едім тағатсыз,
Қыран болып қалықтар ем жаралыппын қанатсыз,
Туғызыпсың дүниеге бір-ақ құлаш бой беріп,
Полар едім асқар таудың төсіндегі абат қүз.*

*О табиғат! Жараттың ба адамды әлде күңкілдек
Жер бетінде бос қыбырлақ тірлік етіп жүрсін деп, –
Әлде теңіз айбаты мен асқар таудың өрлігін
Өзі көріп, өзі үйреніп, сондай бола білсін деп!*

*Табиғатым-байлығым*

*Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып*

*Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін*

*Ей,замандас ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер,су мөлдір уа,өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?*
*Жер ешлімге жазбайды деп арызды,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ,замандас әр ұрпаққа туған жер.
Не берсе де,беретіне қарызға.*

*Табиғатым сырың терең сенің неткен,
Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен
Күн көзінен күмістей шағылған нұр
Көз алдымда көк орай гүлді кезең*
*Кең даламда шертілген сыбызғы үні
Тебіренген бар тіршілік,аспан нұры
Құстар да қылықтап жан тербеген
О,табиғат,не деген керемет ең*
*Сенің әсем бейнеңнен әсер алам
Ағаштарың әдемі бұралған
Бар керемет қасиет сенен екен
Әрқашан да боламын саған қорған.*

*Бозторғайың шырылдап боз кілемде,
Көз алдымда көк орай гүлді кезең.
Далам жайлы сыбызғы сыр шертіп үн,
Тау мен тастан сыңғырлап сұлу өзен.*
*О,Табиғат,сырың да терең екен,
Тұнып тұрған қойнауың өлең екен.
Қанымдағы қасиет сенен екен,
Не деген керемет ең,керемет ең!*
0 дауыс
Тамаша өлең Айсара !!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
0 дауыс
АУА

Сәби жұтса – жайраңдайды, күледі,
 Ару жұтса – албырайды гүл өңі.
 Кәрі жұтса – қарт денесі жайылып,
 Жай табады ентіктірген жүрегі.

Таңдамайды ол лашық пен сарайды,
 Алаламай бәріне де тарайды.
 Әуен қосты ол сандуғаштың әніне,
 Жұпар қосты ол қызғалдақтың әріне,
 Шіркін, бақыт о да жұпар ауадай
 Дүниенің түгел жетсе бәріне!

ТЕҢІЗ ЖАҒАСЫНДАҒЫ ОЙ

Мекен етіп көкшіл теңіз, көкшіл аспан ортасын,
 Тұрмын басып құзар таудың қына басқан жартасын.
 Төменде мың иретіліп бұрқыраса көк толқын,
 Төбемде шың шуақтайды күнге тосып арқасын.

Теңіз, Теңіз?... Теңіз неткен, теңіз неткен ашулы!
 Білмейді екен бұ жалғанда ол ашуын бір басуды!
 Көкжал толқын айбат шегіп мүйіздесе жағаны,
 Жалына кеп жартастардың күс-күс қолы асылды.

Төбемде шың бойын ылғи өрлік, паңдық билеген,
 Әлгі айбатты ақ толқынды теңізге бас имеген.
 Күн ғана оны еміреніп маңдайынан сүйеді, –
 Екеуінің ортасында тұрмын аң-таң күйде мен.

Уа, табиғат, өзің неткен құпияңа беріксің?!
 Өрлігіңе, көрігіңе – бар сырыңа жерікпін.
 Тауыңның да, дауылдың да, теңіздің де сыры мол, –
 Мен ғана тек бұл өмірге құпиясыз келіппін.

Толқыным жоқ теңіз болып тулар едім тағатсыз,
 Қыран болып қалықтар ем жаралыппын қанатсыз,
 Туғызыпсың дүниеге бір-ақ құлаш бой беріп,
 Полар едім асқар таудың төсіндегі абат қүз.

О табиғат! Жараттың ба адамды әлде күңкілдек
 Жер бетінде бос қыбырлақ тірлік етіп жүрсін деп, –
 Әлде теңіз айбаты мен асқар таудың өрлігін
 Өзі көріп, өзі үйреніп, сондай бола білсін деп!

Табиғатым-байлығым

Табиғатың құпиясы тұңғиық,
 Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
 Білген сайын сырын оның жүреміз
 Жүректерге өшпес жалын нұр құйып

Табиғаттың қадірлеп қасиетін
 Әділдікке әрқашан бас иетін
 Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
 Халқың айтқан орынды өсиетін

Ей,замандас ең алдымен досыңды ұқ,
 Досың жер,су мөлдір уа,өсімдік.
 Ала жүріп осылардың сыйлығын,
 Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Жер ешлімге жазбайды деп арызды,
 Барын сарқып ала беру парыз ба?
 Жоқ,замандас әр ұрпаққа туған жер.
 Не берсе де,беретіне қарызға.

Табиғатым сырың терең сенің неткен,
 Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен
 Күн көзінен күмістей шағылған нұр
 Көз алдымда көк орай гүлді кезең
Кең даламда шертілген сыбызғы үні
 Тебіренген бар тіршілік,аспан нұры
 Құстар да қылықтап жан тербеген
 О,табиғат,не деген керемет ең
Сенің әсем бейнеңнен әсер алам
 Ағаштарың әдемі бұралған
 Бар керемет қасиет сенен екен
 Әрқашан да боламын саған қорған.

Бозторғайың шырылдап боз кілемде,
 Көз алдымда көк орай гүлді кезең.
 Далам жайлы сыбызғы сыр шертіп үн,
 Тау мен тастан сыңғырлап сұлу өзен.
О,Табиғат,сырың да терең екен,
 Тұнып тұрған қойнауың өлең екен.
 Қанымдағы қасиет сенен екен,
 Не деген керемет ең,керемет ең!(handshake)
...