Бақыт деген не?
Бақыт деген барың сенің ата - анаң,
Ең үлкен сый ата - анадан жаратқан.
Кадірін білгің сонау ата - ананың,
Қалмау үшін қайғырып сен ешқашан.
Ал екінші бақытың сенің Отаның,
Жерұйығың,ерекше болған жақұтың.
Иісіне топырақтың жетпейді,
Шашсаңдағы əлем иіс суларын.
Табиғаттың тылсым күші ерекше,
Қауат берер жанымызға бөлекше.
Таудан аққан таңғы кəусəр бұлағың,
Сол ғой сірə сенің нағыз бақытың.
Бақыт деген ұлан - байтақ ұғым ғой,
Ол сенің өмірің ғой, жырың ғой.
Жырлап жүріп өмірді өткізесің,
Осының өзі едəуір бір бақыт қой.
Өмір деген сынағымен сындырар,
Қуаныш пен күлкіменен жылытар.
Сынаққа төзе біліп күлгенің,
Осында да мағыналы бақыт бар.
Бақыт деген кос жанарың көздегі,
Аллам өзі мұны сыйға береді.
Кейбіреуі бұл сыйлықты алмаған,
Бақытың сол, көре аласың өзгені.
Көп өмірде жарық көрмей жүргендер,
Бұл жандар өмірді шын сүйгендер.
Көрмеседе өмірдің кереметін,
Үміттерін күнге жалғап сүргендер.
Бақыт деген көп сенде, құлағың бар еститін,
Апаратты қосып алып мəңгілікке жүрмейсің.
Біреу мені күндеді деп өкпе сайлап ренжисің,
Бар адамдар соныда естуге зар білгейсің.
Екі колың, аяғың бар жүресің,
Жүріп көріп бəрінде өзің білесің.
Жандар көп бұл өмірде төсек тартқан,
Осыны ұмытпай сен жүргейсің.
Түскендер көп тағдырдың сынағына,
Сынақ үшін ешкімді кінəлама.
Жүргендер көп қолсыз мына өмірде,
Тырбыңдап күліп жүріп күн көруде.
Сөйлейміз ауыз жаппай кей кездері,
Балағаттап өсекті жайды іздеді.
Сақау жанның барында ұмытпағың,
Ана деген сөздің өзін қайғым деді.
Балағаттап қолданады көп сөздерді,
Аузым менің, өзімдікі деп есірді,
Арман ғой сақау жанға аттең ай,
Өмір бақи танауынан сөз іздеді.
Бақыттың барын көбі бақамайды,
Бақытсызбын деп талайға айқалайды,
Бақыт деген бізде бар ұсақ -түйек,
Өзгеге бұлда арман, жан айқайы! Міне мынау менің туындым