Сағынып жүрмін мен сені,
Көтере алмай еңсені.
Көрініп кетсең көзіме
Бір - екі күнге ең кемі.
Жүректі мейлі жарала,
Табалар болсаң табала
Озіңди күтіп тұрамын
Сағыныш атты жағада
Өмір-өмір дәл бізге қиынсың ба?
Апара ма екенсің қиын шыңға.
Жоқ дегенде маякқа бар ма деп ем?
Мүлдем кіріп кетіпсің минусыңа.
Аттап тұрып махаббат маясынан,
Іздедім бәйтеректің саясынан.
Шығып кетпей жаным-ау жүрсең болды,
Қызметтің көрсету аясынан.
Ойламадың, ойласаң сезінер ем...
Қайда кеткен сендегі сезім ерен?
Ал енді мен күйге еніп күзгі таудай,
Ал енді мен ақылдың сөзіне ерем.
Сағынбадың сен мені сезіп тұрмын
Көңілімнің көгін жүр кезіп бір мұң ,
Онсыздағы азабым аз еместі,
Қайдан ғана мен сені кезіктірдім...
Ізде, жүрек, ғашығыңды сабылып,
Кез келгенге құлай көрме табынып.
Оның-дағы жүрегінен от ізде
Ол да жүрсін сен секілді сағынып.
Болмаса да адамдардың ішінде,
Ізде, жүрек, көр де оны түсіңде.
Ренжімей-ақ іздей бер бұл өмірдің,
Іздеулерден тұратынын түсін де.