Хм=)
Адамдар, тыңдаңыздар!
Бұл жерде ауылдың баласы, қаланың баласы деп бөліп қараудың еш керегі жоқ.
Бәріміз де қазақтың баласымыз.
Қазақтың қара домалақ анасының сүтімен өсіп, қарапайым қазақтың әкесінен тәрбие көргенбіз!
Қазір барлық жерде де ғаламтор бар, тәрбие - ғаламторға келіп тіреліп қалған жоқ. Әр баланың өз сана-сезімі бар, көкірегу ояу, көзі ашық. Ненің жақсы, ненің жаман екенін біледі. Әр отбасында қандай тәрбие беріледі, бала сондай болып өседі. Ауылда жақсы тәрбие, қалада жаман тәрбие береді дегенді естіген жоқпын. Барлығы да өскен ортасына байланысты.