+1 дауыс
913 көрілді
Менің өмірімде ешнәрсе қарапайым болмайды осы... Бұрындары солай болғанына қуанушы едім, қазір керісінше.... ПІкірлеріңізді күтемін
Жалпы былай:
Мен осыдан 6-7 ай бұрын махаббаттан жолым болмай мазам болмай жүргенімде группалас дос қызым өзінің 11 жыл бірге оқыған дос қызымен таныстырмақ болған еді, алайда мен оған да зауқым соқпай таныспап та едім... Содан ол қызбен менің ең жақын досым танысып, екеуі кездесіп 1 айға жуық кездесіп жүрді де менің досымның қалауымен айрылысып кетті.
Осыдан ай бұрын сол досымның почтасымен агентке кірсем сол Ақкенже онлайнда екен. Іш пысып отқан сон әңгімеге тартып, ақыр аяғында өз почтаммен авториз жіберп танысып кеттік, СӨЙТСЕМ менің ең жақын досым оны өзі тастап кетсе де қызғанады екен.
Уақыт өткізу үшін деген желеумен әлгі қызбен кездестіп... ну енді...
Досым екеуміз бір қызды ұнатып қалдық, бірақ бір бірімізге батып айта алмадық, себебі достығымыз биігірек!
Енді кеше группадағы әлгі қыздың туылған түні болды, әрине сыныптас құрбысы да (Ақкенже) келді.
Сол кеште дардай 6 ұлға 25 қыз болса да сол қызға таласып қалғандай болдық... ұят...ұят...ұят...
Енді мінезі керемет анау қыздың... өзі де сүйкімді, тартымды, тіл табысу да тым оңай... мен секілді ренжу деген атымен жоқ.
Барлық гәп... Екеуінің қайта қосылуына группалас дос қызым (яғни Ақкенженің сыныптасы) үзілді-кесілді қарсы.
Шыны керек ол сыныптасымен менің кездескенімді баста қалаған, қазір де солай...
Ол қызбен мен дос ретінде сөйлесіп, кездескенім болмаса сезімімді білдірмегенмін мүлдем.
Енді қайтсем екен... Мен шетке шықсам олар қайта қосылады... Бірақ мен бірге жүрген досымдыбілемін ғой, 1 айдан кейін қайта тастап кете салады...
Не в тему қыстырылмай мен мүлдем араласпағаным дұрыс па әлді.... ӘЛДЕ күрессіз жеңлмей... қой... қалай сонда... ешқандай қыз да сенімді досымнан артық емес...
Кеше сол туралы досыммен де ашық сөйлескенмін, айрылысқан сон қадірін түсіндім, қайта қосылсақ айрылыспаймыз деп отыр...
Мен не істеуім керек? дос досымен, бірақ менде де сезім бар  ғой дегендей...
Қажетсіз сұрақ қойғаным үшін кешір сұраймын, көңілге қонымда жауап берілсе сұрақты өзім-ақ жабамын
РАХМЕТ
-
Сұрақтың жабылу себебі: рахмет Kara kyz

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
"Мен не істеуім керек" деме сен,барлық сұрақты Ақкенжеге қою керек сияқты,енді ол ойыншық емес қой...сол таңдасын,сенің айтқанына қарағанда ол да сенен кет әрі емес сияқты,сосын айтарым ешқашан досыңды қызыңнан жоғары қойма,олай тек кинода болады...Сенің жақын досыңды мен былай уже біліп тұрм қандай екенін.....Мына өмірде сен досыңнан гөрі болашақ жарынмен көп уақыт өткізесін,сондықтан ойлан...достым!
неге +1 қойылмай туррр...
Рахмет.
Ол досымның маған жасаған жақсылығы ұлаң ғайыр. Кез келген сәтте қол ұшін созуға дайын тұрады.
Әрине Ақкенше ойыншық емес)
Қайтсем екен....
Онымен жүрсем досымның бетіне қалай қараймын...
Финишке бірінші жеткен адам ұтады емес пе?!
иә, бірақ қалай болады екен...
Менде дәл ондай сенімді досым жоқ...
Кеше ашығын айтқанмын, "сен бәрібір тастап кетесін, жол бер" деп, үндемей қалды... батып айта алмағанымен іштей келіспейді ғой ол да...
Ең жақын досыммен бір қыз үшін бәсегеке түсу... Жо-жоқ... бұл сұрақты қойып, ақырында жауабын да өзім таптым-ау дим, рахмт үлкен!
Сонымен не істейтін болдын?
Менің ғашық болуым тез ғой...
Басқа қызға ғашық болармын тағы...
Менің қателігім баста досымнан бұрын қимылдауым керек еді, енді кеш...
Досым бірінші қимылдады, жеңіс сонікі... күреске түпей берлідім...
Арасында жазылмай қалған оқиғалар да бар негізі
Досым да оны шын ұнатады екен, мен шетке шыққаным дұрыс болар... иә, солай дұрыс...((
Жақсы жағын қарайсын ғой!шешіміне өкінбессін деп ойлаймын,алдағы жоспарларына сәттілік тілеймін!
+3 дауыс
Өз үлесінді жіберіп алма!сосын қыздарға махаббаты үшін күресетін жігіттер ұнайды!
+2 дауыс
Қызық
Мен жігіттерді ат-матымен түсінбеймін. Тіпті түсінуге тырыспайтын да болып барамын. Қыз дегенді сендер қалай түсінесіңдер? Қыз - гүл, болашақ жар, ана, апа, әпке, қарындас. Ал досың кім? Досың қыздан, болашақ жардан артық емес болар?! Қыз сенің болашақ жарың болғанын қалайтын болсаң, мінезі ғажап болса онда неге ол сенің досыңнан артық болуға тиіс? Ол сенің ертеңгі жарың, болашақ балаларыңның анасы. Солай бола тұра, қалайша ол досыңнан кейінгі орында тұрады? Жар - дегеніміз сенімен бірге өміріңнің соңына дейін өмір сүруші, қала берді балаларыңды бірге тәрбиелеуші емес пе? Сен досыңды қыздардан артық санайтын болсаң ешқашан қызға жарымайсың! Досың сенің қазіргі қымбаттың болғанымен, ертең ол да бір қызға үйленер, соның жетегінде кетер. Ал үйлену - дегеніміз өз правоңның жарымын азайтып, міндеттеріңді екі есе көбейту деген сөз. Ертең ол өз басымен қайға болып кеткенде тағы осылай "досым мен  қиналғанда теріс қарады" деп тағы бір нәрсе жазып жүрерсің. Біліп қой, адамдардың мақсаты отбасын құру болса, оның ең басында жар таңдау тұрады, яғни, ҚЫЗ!  Ендеше неге қыз үшін күреспеске, досыңның көңіліне бүгін қарарсың, бірақ ол мәңгілік емес, сен досыңмен емес қызбен өміріңнің аяғына дейін өмір сүресің! Ойлан, өмірге бір рет қана келесің. Бұл айтқанымды досыңды шеттету емес, жәй ғана өмір үшін күрес деп біл...
Бақыт тілеймін саған!
"Мен жігіттерді ат-матымен түсінбеймін" (с) <a target="_blank" href="http://smayliki.ru/smilie-34547367.html"><img src=" ></a>
Қыздарды түсініп отырғанымыз да шамалы)
сөзіңіз түйеден түскендей екен
ойдағыны жазып жеткізу неткен қиын еді
Бұл жерде қыздың да кінәсі бар, неге екі жігітті ұстап отыр? Біреуіне ұнатпайтын сыңай таныту керек қой?! "жігітім бар" немесе "сенімен енді қосыла алмайм" деген сияқты. Қыз пысық екен не болса да. Үйрену керек!
. . .дұрыс, Жаңылай.
...