+1 дауыс
735 көрілді
Бүгін 25 мамыр. Яғни, жас түлектер азаттықпен аспанға ұшатын күн, бір жағынан қайғылы жағдай алып келетін біреулер үшін қасіретті күн. Мысалы, бүгін біздің өңірде көршілес кенттің 5 оқушысы гулянкада (қыдыру) жол апатына ұшырап қайтыс болды. Бұл өте өкінішті жайыт. Бұндайларды алдын алады ма? Бұған енді кім жауапты? Сіздерде осындай жағдайлар болды ма?

7 жауап

+4 дауыс
Өмірде бәрі болады. Мектеп бітірдік деп қуанып жатты..... Бәрімізде осы өмірде пендеміз. Әйтеуір бір күні ана дүниеге аттанамыз. Иә, өте қайғылы жағдай екен енді. Демек дәм-тұздарының таусылғандығы болды. Көрер жарықтары осы болғаны ғой. Е өмір-ай қайда зырылдап барасың??... Біреуге қайғы? біреуге бақыт сыйлайсың? Сүрлеуіңде, соқпағыңда көп? неткен соншалықты жұмбақсың?....Біреуге бір ғасырды сыйлайсың, біреуге көз-ашып жұмар қас-қағым сәт қана.... Иманды болсын. Обал болған екен.... тым жас кеткен онда обал-ай, обал-ай.


----------
Негізі енді бұл түлектер сонда рульге ұрттап алып отырған ба екен? әлде басқа біреудің кінәсінанба екен? Жүргізуші куәліктері барма? кәмелеттік жасқа толғандарма?
0 дауыс
жандары жәнатта болсын! бізде таразда жыл сайын 25-27 мамыр аралығында қатал түрде кафе, ресторан, клубтарда рейд жүреді. және осы 3 күн ішінде ата-анадан "балама өзім жауап беремін" деген қол хат алады. осындай жағдай орын алса ата-ана өзі жауапты болады. барлық өңірде де осындай қатал түрде ұстаса оқушыларда тыныш болар еді....
+1 дауыс
Иманды, топырақтары торқа болсын!АЛЛА  сақтасын!!!!Тағдырдың жазғаны болар...Тағдырдан ешкім құтыла алмайды!
Айтпағым осы еді.
Дегенмен, 17-ге толмаған болса Ата-ана жауапты.
 ОнСегізді аттаса, жауаптылықтан ауытқыған көрінеді...
 иманды болсын
–1 дауыс
Мектепте емес, бірақ осы жағдайға ұқсас бір оқиға болған. Осы жақында болған оқиға. Оқиға былай: 2 жас үйленуге той машинамен  келе жатып (яғни отау тігетін күні),машина аудырылып қалған. Жылдамдықты жоғарылытып жіберген, Тойға келіп күтіп отырған қонақтар кері жиналып кетіп қалған.
–1 дауыс
жазам ғой жазым ондай біз жақтада болған кім біледі ажалы алдында тұрғанын
0 дауыс
Біздің ауылда осыдан 3-4 жыл бұрын 11 сынып оқушылары майовкаға шығып 5 бала суға кетіп қайтыс болды.
0 дауыс
ал біздің ауылда болса 94 тер бітірген жылы гулянкада (қыдыру) жасөспірімдер аварияға ұшырап 1 бала өлген , Ол бала көлік терезесінен ұшып көпірдің ар жағына түскен бағына орай ол жерде су ақпай тұр еді
...