+1 дауыс
2.6k көрілді
Бугін жас түлектер үшін мектеп қабырғасындағы соңғы күні.Не дейін, сәт сапар!

Ал енді, *темірді қызған кезінде соқ* демекші сол бүгінгі алған әсерлеріңіз ұмытылып қалмай тұрғанда сұрап алайын.Бүгінгі соңғы қоңырау қалай болды? қандай қызықты оқиғалар болды? қандай тың идеялар бар? жас түлектерді қалай қарсы алдыңыздар, қалай шығарып салдыңыздар?Қандай ән айтылды, қандай өлең-тақпақтар болды? қандай сыйлықтар ұсынылды?
Айтпақшы: бұл сұраққа бүгінгі соңғы қоңырауға куә болған барлық азаматтар мен азаматшалар жауап бере алады.

4 жауап

+2 дауыс
Бір орында тұра бердік қызық емес болды.Түлектерді шығарып салу сағат 8:00 болды.Соңғы қоңырау 12:00 болды.
жалғыз сізге қызық емес шығар бәлкім)
+1 дауыс
*Біз, жас түлектер 2012 жұрттың назарында болдық бүгін...Біздің жолымызға ақ мата төсеп,,19 түлектің жетістіктерін айтып қарсы алды, ақ көгершіндерімізді ұшыра шықтық.Бізге арнап кішкентай ізбасарларымыз өлең шумақтарын арнады..Түлектердің атынан хор айтылып,алтын ұя мектебімізге 2 үлкен ыдыстағы  тірі гүлдер сыйладық,адресатпен бірге..сабақ берген әр ұстаздарымызға гүл шоқтарын ұсынып,қимай қоштастық...*
..:::Жұмбақ қыз:::.. саған үлкен рахмет!Түлектерді ұмыт қалдырмағаныңа..
ооо қандай ғажап.
Енді жас тулек болы журген 1-2фотоларыңызбен бөліссеңіз)
0 дауыс
Ой қандай керемет сұрақ,міне бүгін менде жас түлек аттанып мектеп бітірдім,бірақ өзімнің бітіріп кеткеніме әліде сене алмаймын бірақ өте керемет болды,,,Бізде Қызылорда қаласында орталық алаңда өтті барлық мектептер болды,Соңғы қоңырау соғылды,көптеген қызықтар болды,вальс биледік,билеп болган кезде барлығымыз қолыстасып домалақ жасап айналдық сосын барлығымыз мектебіміздін нөмерін айтып жиналдық,қайтып ашылып 140 деп айқайлап қайта жиналдық кейін паровоз жасап яғни бір-біріміздін белімізден ұстап орталық алаңды айналып жүгірдік,кейін мектепке қайттық онда өте өте керемет болды,барлығымыз жыладық,сыныбымызға кіріп әрқайсысы өз орнына отырып қызықтарын айтты енді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес бірақ өте керемет болды...
мәәәә күшті екен.Қызығып тұрған смайлик)
0 дауыс
Ханшайым мен ханзадаларды ақ матаның үстіне отырғызып алып шыққандай, біз де  ақ мата үстімен "жолымыз ақ болсын" деген ниетпен жиынның төрінен орын алдық. Бүгін мектебімізбен, ұстаздарымызбен, жыл бойы  таласып тармасып жүріп алған, бетін формула, есептермен шимақтап тастаған партамызбен, талай рет " Апай кіруге рұқсат па екен?" деп тоқылдататын есігімізбен, үзіліс бола қалса, сыртқа  шығып әңгіме соғып тұратын біз тоздырған скамейкамызбен қоштастық*(( Соңғы рет қоңырау үнін естіп, мұғалімдерімізбен қоштасып, ҚОШ БОЛ МЕКТЕБІМ деген әнді шырқааап салтанатты жиынды бітірдік...
Бірақ осындай бір - бірімізге деген қимастық болса да, қуанарымыз: алда талай өмір қызықтары, үлкен белестер, асулар тұр.
Керемет болған сияқты)
...