0 дауыс
444 көрілді
қыз айтады "Кеудемді кернеп ақты, Сезімнің сан сұрағы" осындай жолдары бар.

1 жауап

0 дауыс
Тобылғы сай           
 с. Төлеу Үшқоңыровтікі
ә. Мэлс Өзбековтікі
Манаурап тау үстінен көрінсе ай,
Бір сезім тербетеді көңілді жай.
Ән кернеп, жас жанымды мазалайды,
Тартады мені өзіне Тобылғы сай.

А-ай, жұлдызымсың нұрын шашқан,
Әнімсің айналайын Тобылғы сай.

Сылдырап тау астынан ағады өзен,
Кеудемді кернеп менің барады өлең.
Ең алғаш бақыт таптым бір өзіңнен,
Құлағым сен дегенде қағады елең.

А-ай, жұлдызымсың нұрын шашқан,
Әнімсің айналайын Тобылғы сай.

Сайыңнан жұпар гүлін тергем талай,
Айғанмен қол ұстасып алтын арай,
Өзіңмен махаббатым шоқ боп жанған,
Айналдым, қуанышым - Тобылғы сай.

А-ай, жұлдызымсың нұрын шашқан,
Әнімсің айналайын Тобылғы сай.
...