Бұл жағдай 2 жыл бұрын басталды. 2010 жылы Давид Сильва "Реал Мадридке" ауысуға жақын тұрған еді, бірақ команда жаттықтырушысы болып Ж. Мауринью келді де, ДиМария, Озил, Карвалью, Хедираны сатып алуға талап етті. "Валенсияның" энганчесі (плэймейкер, орталық ойыншы) Тұманды Альбиондағы "Манчестер Ситиге" жол тартты. Мадридтіктер үміт артқан Кака, осы уақытта, қайталанған жарақаттар алып, өзінің бұрынғы формасына келе алмай қойды.
Екі жыл өткеннен кейін, Сильва - Премьер Лиганың үздік ассистенті(19 нәтижелі пас) атанды. Ал Кака - "Мадридтің" қослақы құрамасында қалып, бүгін ертен басқа клубқа ауысып кетуі ықтимал болып қалды.
"Алло, біз ПСЖ-данбыз. Таланттарды іздеудеміз!". ПСЖ 25 млн. еуроға Каканы сатып алуға ниет білдіріп отыр. Дәл осы суммаға Фиорентина, Давид Сильваны сатып алуы мүмкін. Егер "Мадридке" ойынға мән беретін, жүйелендіретін, допты аяғында ұстай алатын, пас беруде қателіктері шамалы, жақсы физикасы мен техникасы бар ойыншы қажет болса, - оның есімі Давид Сильва