Сіздердің @mail.ru агенттеріңіз қай тілде? Менікі қазақ тілінде. Сіздердікі ше? Неіктен ол тілді таңдадыңыз?
менікі орыс тілінде.....Себебі қазір орыс тілінен қазақшаға аударылған терминдерге түсіне бермейміз....Қазақшаға аудару керек болғасын.......деп аудара салатын шығар....Сондықтан кейбір терминдердің қазақшасына емес орысшасына көбірек түсінемін....Әрине,,бұл тек менің ғана пікірім......
Иә, қателіктер өте көп. Мысалы: "түстерді теңшеу" дейді. Дұрысы "таңдау" болуы керек. Хат келгенде "24 жаңа хату" деп келеді. "Суретті көрметпеу" деп қойыпты. Көрсетпеу деуі қажет қой.
Ағылшын тілінде.
Әрине ана тілде шала болсада! Жоғарыда кейбір карындастар мен бауырлар шала тіл болғасын түсінбей орысша дейді ол дұрыс емес мейлі шала болсада ол өз тіліміз!
Негізі сенің "Тым түсініксіз" дегенің де қатеге саналады. Себебі: қазақ тілінде ондай сөз жоқ және тым сөзін "тым қатты, тым жұмсақ, тым биязы" деген сияқты сөз тіркестерімен қолданады.