+1 дауыс
1.6k көрілді
Компьютер алдында көп отыратын адамның бірінші кезекте көздеріне, омыртқасына және білегіне зақым келеді. Осы дене мүшелеріне көбірек көңіл бөлген жөн.

Біріншіден, компьютердің алдында күніне 5-6 сағат қана отырған дұрыс. (Өкінішке орай біздер тәулігіне 8-10 сағат отырамыз). Әрбір 40 минут өткен сайын көздеріңізді демалдырып отырыңыз. Орныңыздан тұрып, терезеге жақындаңыз. Сыртта не болып жатқанын қараңыз. Терезенің алдында көзіңізді жұмып тұрып қабақты уқалаңыз. Уқалап болған соң, көздеріңіз жұмылған күйі жоғары-төмен қараңыз.
Екінші орынды омыртқамыз алады. Әрине өзге қызметкерлер жанымызда отырғанда жаттығу жасауға ұяламыз. Сондықтан ең алдымен орындықта дұрыс отыруды үйреніп алғанымыз абзал. Аяқтарымыз бен қолдарымыз 90 градуста, ал омыртқамыз отырған орындықтан 20 градус қиғаштықта орналасуы тиіс. Білек пен саусақтарыңыз шаршамау үшін оларды үстелдің үстіне қойыңыз. Осы ережелерді сақтамасаңыз, жүйкеңізге зақым келіп, ота жасатуыңызға тура келеді.

Бастың ауруы да осы дұрыс отырмауымызбен байланысты. Қан айналымы дұрыс жүрмесе, бедеулікке шалдығуыңыз мүмкін. Мойныңызды иықтарыңызға тигізіп, оңға-солға көлденеңнен бұрыңыз. Тыныс жолдарын ретке келтіру үшін иықтарыңызды қозғалысқа түсіретін жаттығулар жасаңыз. Бұл жаттығуды үйде теледидардың алдында отырған кезде де орындауыңызға болады. Таңертең жүгіріп, жаттығу жасай алмайтын адамдар кальций витаминдерін, сұйықтығын пайдалануына болады.

5 жауап

+1 дауыс
1 cағат отыру керек
+1 дауыс
Ересек адам күніне 5 сағаттан артық отырмауы керек. Онда да арасында тұрып, 5 минут бой сергітіп, көзіне жаттығулар жасап, көзін тынықтырып алуы қажет. Одан көп отыратын болса денсаулығына зиян келеді.
+1 дауыс
Ол адамның жасына байланысты,
Компьютерге отырған кезде 10-15 минут сайын көзді демалдыру қажет
0 дауыс
1-2 сағат !!!!!!!!!!
+1 дауыс
2 сағаттан артық отырса көзге әсер етеді. Негізі 15 мин сайын көзді демалдырып тұру қажет.
...