+1 дауыс
584 көрілді
Жұмыс комиссиясын құру тәртібін ҚР қандай заңынан көруге болады? Жолдарға жөндеу жұмыстарын қабылдау үшін қандай комиссия құрылуы қажет?Рахмет.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жұмыс комиссиясы - нәтижелерiн мемлекеттiк қабылдау комиссиясына ұсыну үшiн объектiнiң дайындығына кешендi бағалау жүргiзетiн уақытша алқалы орган, оның құрылу тәртібі Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңының      77-бабында көрсетілген тәртіпте жүзеге асырылады,  қабылдау және жұмыс комиссияларының құрудағы негізгі шарттары:    
      1. Қабылдау комиссиясы мен жұмыс комиссиясы тапсырысшының шешiмiмен тағайындалады және объектiнiң пайдалануға қабылдау рәсiмiне дайын екендiгi туралы бас мердiгерден жазбаша хабар алынғаннан кейiн он бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей құрылады.
      2. Қабылдау және жұмыс комиссиясының өкілеттіктерін, міндеттемелерін, міндетті құрамын, объектіні қабылдау тәртібін, сондай-ақ бұл үшін қажетті комиссия қорытындысы мен актісінің нысандарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      3. Қайта қабылдауды қоса алғанда, қабылдау және жұмыс комиссияларының жұмыс процесiнде жасалған шығындарын тапсырысшы өтейдi.

Бұдан басқа  Мемлекеттiк қабылдау комиссиясы бар, олар  салынған объектiнi пайдалануға қабылдайтын уақытша немесе тұрақты алқалы орган. Оны тұрақты мемлекеттiк қабылдау комиссиясының құрамын, қажет болуына қарай, комиссияны тағайындаған мемлекеттiк басқару органы өзгертедi.

*Сіз мүмкін шатасып тұрсыз.* Меншiк иесi пайдалануға дербес қабылдайтын объектiлер бар екенін білесіз бе? Олар да да өзінше *бейресми жұмыс комиссиясы* атты өз ішінде кішігірім комиссия құра алады. Аталған заңдағы 73-бапты  объектiлердi пайдалануға қабылдаудың жалпы тәртiбiн оқып шығыңыз.
Улкен Рахмет!
...