менің қолдарымды маса шағып алды енді не істеуім керек көмектесіңдерші

–6 дауыс
1.8k қаралым
• Санаты: Тазалық | 1.8k қаралым

17 жауап

+2 дауыс
адамның күлкісін келтірмеш, бір жылан шағып алғандай айтты ғооо
+1 дауыс
surak-zhauap.kz сайтына кір
0 дауыс
Құмырсқаның аяғымен қасыла)))
Қолыңа тез арада спирт жақ, әйтпесе асқынып кетеді....
0 дауыс
"Тышқан қ......н көріп, жара депті" деп осыны айт! Дәріханаға бар, мазь береді
+2 дауыс
хирург ке апар операция жасайды хехехе
0 дауыс
Қасып-қасып жүре бер.
хехехе)))))))))))))))))))))))(
Жүрдік қой кезінде солай)) тіріміз әлі
0 дауыс
Мақтаны тұзды суға салып,  сонымен бетін сүртіңіз *(кішкене қышитын болады тек қышымаңыз!)*
0 дауыс
Аурудың жаманы гемарой деген екен не өзің көре алмайсың не өзгеге көрсете алмайсың ал жақсысы қотыр деген екен қасығанда жаның кіреді сол сияқты маса шақса жүгерінің собығын алда қасы рахаттанып қаласың
+1 дауыс
Сұрақ тым қарапайым, оған жауап берілген жауаптар да күлкілі...Көңіл күйім болмай отқан еді, бір аунап түстім ғой, хыхы күлдім...Жаңадан келген қолданушы болсаң, алдағы күндері қатесіз жазасың деген ойдамын.
+3 дауыс
Енді масаға айналып кетесің!
+1 дауыс
шакып алган масаны изде
0 дауыс
[Мына][1] жерде Админ сұрақ қойған екен. Осы жерден таба алсыз жауаптарды.


  [1]: https://surak.baribar.kz/33646/
0 дауыс
ха ха ха өте күлкілі кеңестеріңізге рахмет!:D
0 дауыс
Шаққан масаны ұстап алда, айт соған: маған ақша берде, себебі маса шаққан жерге операция жасау ға де.
0 дауыс
Аптекада чистый дом деген масаға қарсы дәрi бар,соны жақсан 6сағ.бойы маса жоламайды.АТАМ қазақ аурудың жақсысы қотыр деген екен,неге десе@
қаси бергiн келедi
0 дауыс
шынында оте кулкiлi сурак))хд
0 дауыс
Маса – жаздың кезекті жағымсыз жақтарының бірі. Масаның шағуы біреулерге байқалмайтын болса, басқаларды жараға айналып, мазалайды. Маса шағып алғанда, не істеу керек?      

Қызықты жайт: масалардың тек ұрғашылары ғана жануарлар мен адамдарды шағады екен. "Ер" масалар гүлдің шәрбатымен қоректенеді. Ал ұрғашы масаларға қан тұқым қалдыруы үшін қажет.                           

Масалар өзінің құрбанын қимылдар, денесі бөлетін жылу мен иісі бойынша іздеп анықтайды. Адам не жануардың терісіне қонғаннан кейін ол қан ағатын кішкентай капиллярлар іздей бастайды. Тапқаннан кейін маса шағып, 30 секунд - 1 минут аралығында қан сорады.                 

Масаның шаққан жері неліктен ауырып, қышып, маза бермейді? Ол масаның сілекейіндегі заттарға байланысты екен. Адам ағзасы маса сілекейінің құрамындағы ақуыздарға кері әсері ретінде терісі бөртіп, қыши бастайды.

Маса шаққан жердің қышығанын мен ісігін басу үшін мына кеңестерді қолданып көріңіз.                                  

Қол астында дәріханалардан алынған арнайы майлар болмаса, маса шаққан жерге қарапайым қолданылған шай қалташасын басуға болады. Шайдың құрамындағы танин деген зат ісінуді баса алады.                   

Масаның шаққан жеріне суық басқан дұрыс. Ол үшін мұз кесегін, не мұздатылған көкөністер, кез келген мұздатылған затты ала аласыз. Суық ісінуге тез әсер етіп, ауруын қойдырады.                               

Шай ағашының майы жақсы антибактериалды, ісінуге, вирустарға қарсы құрал. Арулар шай ағашының майы қосылған косметиканы жиі қолданады. Егер сізде де сондай косметикалық құрал болса (лосьон, тоник, май), оны маса шағып алған жерге жағыңыз. Ол жараның қышығанын қойдырып, тез кетуіне көмектеседі.                  

Сүт өнімдері: кефир, қаймақ, сүт те теріні тыныштандырады.            

Маса және басқа да  жәндіктердің тістеген жерін ас содасының ерітіндісімен емдеуге болады. 1-2 шай қасық ас содасын бір стақан суға ерітіп, оған мақтаны малып, жараны басыңыз.                             

Бор немесе салицил қышқылы маса шаққанда көмектесе алады. Сондай-ақ қырмызы қайнатпасы, корвалол, валокардин сынды дәрілерді жараға жағу арқылы ісікті баса аласыз.

Ұқсас сұрақтар

127,938 сұрақ
322,808 жауап
153,161 пікір
72,926 қолданушы