+1 дауыс
3.7k көрілді
1361232.jpg

Brown_recluse_spi.jpg

Солтүстік Америкада  ең қауіпті өрмекшілердің бірі  қоңыр бүйі (Loxosceles Reclusa) жылдам қарқынмен көбейіп келеді. Биолог ғалымдар оны климаттың өзгеруімен байланыстырады. Кішкентай бала тұрмақ иммунитеті әлсіз ересек адамды о дүниеге аттандырардай уыты бар бұл өрмекшілер негізінен АҚШ-тың орталық-батыс және оңтүстік өңірлерінде кездеседі екен.

Өрмекшілер санының өршелене өсуі олардың тіршілік ету аймағын кеңейтері сөзсіз. Ғалымдар адам өлтіргіш өрмекшілердің таяу жылдары солтүстік штаттарға да таралуы мүмкін деген болжам айтып отыр.  Зерттеушілердің сөзіне қарағанда  қоңыр бүйілер осындай қалыпта көбейе берсе  2080 жылға қарай Небраска, Миннесота, Висконсин, Мичиган, Оңтүстік Дакота, Огайо және Пенсильвания сияқты бірнеше штаттар өрмекшінің шабуылының астында қалуы ғажап емес.

Биологтар қоңыр бүйінің ел аумағында таралуының дер кезінде алдын алу үшін өрмекшілердің көшіп-қонуын бақылауға алатын карта жасау керек деген ортақ ойға келіпті. Зерттеу жұмысына қатысушылардың бірі, биологиялық түрлердің әртектілігі институтының аспиранты Эрин Соуп бұл биологиялық  қауіптің түбінде климат жағдайының өзгеруі жатыр дейді. «Дейли Мейлде» жарияланған ғылыми зерттеу мақаласында Эрин Соуп: «алынған нәтижелер адам баласына  климаттың өзгеруі кері әсерін тигізгенін көрсетіп отыр»,-  деп түйеді.

АҚШ-та өрмекшілердің қарадай қаптап кетуі табиғат ананың ісі болып тұр ғой. Одан келер қауіп  алпауыт АҚШ-тың әлемге тоқыған өрмегінен әлдеқайда әлсіз келетінін біреу сезсе, біреу сезбес. Дүниежүзінің саяси картасында ойнақ салып, өрмегін өрген американдық әскердің уыты манағы қоңыр бүйілерден асып түспесе кем емес. Шақса оңдырмай ойрандап кетпесіне кім кепіл?!

1 жауап

0 дауыс

Жоқ бұл дым емес қой.

Австралияда өте алып бүйі қаптап кетіпті:

Алып бүйі қаптап кетті

<!--/заголовок-->

Австралияның Бовен қаласын алып улы бүйі жайлады. The Times газетінің хабарлауынша, зиянды жәндіктер бау-бақшаларды қойып, енді қоғамдық орындарда қаптай бастаған.

Халық арасында «құсжегі бүйі» деп аталатын жәндік бұл шағын қалада соңғы бір ай ішінде күрт кө­бейген. Көлемі адам­ның қос ала­қанындай бо­ла­тын бүйі жай­лағалы бері тұр­ғындардан маза кетті. Өйткені мұндай бүйі шаққан адам бірден өліп кетуі мүмкін. Бо­веннің тұр­ғындары бас амандығын сақ­тау үшін арнайы қызмет өкіл­дерінің көмегіне жүгінуге мәжбүр. Ма­­ман­дардың болжамынша, улы жәндіктер тропикалық аймақ­тардан ауып келген. Оған бұ­рын-соңды болмаған қатты жаң­быр себеп көрінеді

...