0 дауыс
446 көрілді
маған өзін-өзі тану пәнінен "Бақытқа жету жолдары" тақырыбына байланысты А3 қағазға схема сызу керек, суретімен болса жақсы болар еді, өзіме салып алармын.(whew)(blush)

1 жауап

+1 дауыс
Бақытқа жетудің жеті жолы
1) Ең бірінші өзіңнің жақын-жекжат, ағайын-туманды сүй. Жақсы көретін адамыңа неғұрлым уақытынды көбірек бөліп, қол ұшын беруге тырыссан , өзінді бақытты сезінесін.
 
2) Жұмысынды бар күшінді жұмсап, ықыласпен істе.Таңдаған  мамандығын өзіңе ұнамаса, өзіне ұнайтын басқа қызыметке ауыс.Өміріміздің көбісін жұмыста өткіземіз,сондықтан  оны азапқа айналдырудың керегі жоқ. Бұл өзіңе де, қоғамға да әлдеқайда тиімді.
 
3) Бақытты болуға тырысыңыз. Әр нәрсе көңілінізді көтеріп қуантады, бақылап көріңіз.Салыңыз суға кеткен жағдайда жүрегің қалаған жақсы іспен айналысыңыз.
 
4) Дене қимылының белсенділігі. Неге екені белгісіз, қандай да қимыл белсенділігінен дені сау адам ләззат алады.Академик Повлов бұл сезімді  "Бұлшық ет қуанышы" деп атаған екен.Дене қозғалысымен айналысқан мидан әсері бар зат бөлініп шығып, шексіз рахатқа батырады деген де болжам бар.Сондықтан өзіңе ыңғайлы спарт түрімен айналысып, қаласан жүгіріп, билеуіне де болады.Ерте тұрып есік алдында жұмыс істеп, жазда көгалдандырып, қыста қар лақтыру да бойынды сергітіп,өзінді бақытты сезінуге пайдасы бар.
 
5) Адамдардан көмегінді аяма. Басқаның қамын ойлау, біреу үшін өз пайдамыздан бас тарту қай-қайсымыздың жүрегіміздің түкпірінде жатқан бар  қасиет.Таккапарлыққа, тоғышарлыққа бой бермей, қажер етсен адамға жақсылық жасауға тырыс.Ол адамның көңілін жұбатып, қуанғаның көріп, өзіңде бақытқа кеңелгендей боласын.
 
 
6) Өміріңе жаңалық енгіз.Көпшілігімізді бала кезімізден  бір қалыпта өмір сүруге дағдыландырған.Әрине белгілі бір күн тәртібі, үйреншікті әдет-ғұрып, тұрақты дос-жараң, бір қалыпта жұмыс жаман деп ешкім айта алмас.Бірақ осының бәрі зеріктіріп жіберген кезде өмірге өзгеріс енгізгенің еш айыбы жоқ.Қайта күнделікті әдетті мезгіл-мезгіл жаңалап, өзгеріп отыру-көңіл күйге жақсы әсер беріп, өмір сүруге құштарлығынды арттырары сөзсіз.
 
7) Өзіңді бақытсыз сезген жағдайда да өмірден түнілме. Өмірдің өзі түгелімен қайғы мен қуаныштан, күйініш пен сүйініштен, жақсылық пен жамандықтан тұрады.Өмірдің күрес екенің ұмытпағаның жөн.Сондықтан алдағы қасірет атаулы сенен ары жүреді. Ең бастысы- бойкүйездікке бой алдырма.
[Тамаша өмір сүрудің 10 кілті][1]


  [1]: http://www.massaget.kz/bastangy/psihologiya/313
...