Агентке 'агент' атауы не үшін берілген?

+3 дауыс
1.3k қаралым
Агентке 'агент' атауы не үшін берілген? Қандай мағынада айтылған?
 Бұрындары агент десе ойымызға бірден құпия жұмыс атқаратын тыңшылар келетін. Әрине бұл бұрынғы кезде болатын. Ал қазір агент десе бірден ойымызға 'еркін хат-хабар алысатын' байланыс түрі түседі. Ал енді сұрақ еркін хат-хабар алысатын осы байланыс түрінің атауын не себепті 'агент' деп қойған?
Жалпы сұрақ

4 жауап

+3 дауыс
Жақсы жауап
"Агент" сөзі латыншадан тікелей аударғанда - белсенді, тез қимылдайтын деген мағынаны береді, негізінен құпиялыққа түк қатысы жоқ
Бірақ қазір мынандай мағыналарда қолданып жүр: 1. Бір компанияның атынан келген адам (сақтандыру компаниясының агенті, бір фирманың агенті) 2. Өзіңіз айтқан тыңшылар (ЦРУ агенті т.б.) 3. Дипломатиялық агент сол мемлекеттің көзқарасын білдіруші деген сияқты көптеген мағынада қолданамыз.
Осының барлығы бір ғана латынның "белсенді" деген сөзінен шыққан
+1 дауыс
Агент - "өкіл" деген сөзбен мағыналас келеді. Майл.ру сайтының өкіл программасы деуге болады.
Агентті және майл.ру сайтының өзін арнайы қызмет түрлері (КНБ) бізді бақылау үшін қолданулары да мүмкін әрине)
+1 дауыс
Иа, дұрыс айтасың.Мен де осы сұрақты қойып, мардымды жауап ала алмаған едім.Біздің барлық күнделікті хат хабар алмасқан мәліметтеріміз архивтерде жазылып жатыр.
+2 дауыс
Агент екені рас қой.Барлық құпиямызды шпиондықпен біліп отыр.
127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы