Қазіргі заманғы зымырандардың қозғалтқыштары отын түрлерін пайдалану бойынша сұйық және қатты отынды болып ажыратылады. Қатты отынды зымыранда оқ – дәрініңң арнайы түрі,ал сұйвқ отынды зымыранда керосин, спирт, анилин, сұйық сутегі және жануды қамтамасыз ету үшін тотықтандырғыш ретінде оттегі, азот қышқылы және т.б. қолданылады. Сұйық реактивті қозғалтқыштар ғарыш кемелерін ұшыру үшін пайдаланылады. Ұшақтарда пайдаланылатын әуе реактивті қозғалтқыштарының зымыран қозғалтқыштарынан айырмашылығы сол, онда отынның жануы үшін ауадағы оттегі пайдаланылады. Қазіргі кезде көптеген әуе лайнерлері осындай реактивті қозғалтқыштармен жабдықталған.
Осы күнгі зымырандар көп сатылы болып жасалынады, яғни оның әр сатысының отын қоры тотықтандырғышы және реактивті қозғалтқышы бар болады. Бірінші сатыдағы отынның барлық қоры түгел жанып біткенде ол бөлініп қалады. Осыдан кейін екінші саты массаларының қосындысына тең зымыран бөлігі қозғалады. Массаның азаюы екінші, одан кейін үшінші сатыдағы отынды үнемдеуге және зымыранның жылдамдығын одан әрі қарай арттыруға себептеседі.Егер зымыранның Жерге қайтып оралуы жоспарланған болса онда үшінші саты қосылардың алдында ғарыш кемесі 1800 –қа бұрылады. Үшінші сатыдағы жану өнімдері зымыранның қозғалыс бағытына қарама – қарсы бағытталған импульс береді, ал бұл оның жылдамдығының азаюына, яғни тежелуіне әкеледі.
Сілтемесі мұнда:http://mukhanov.ucoz.kz/publ/reaktivti_oz_alys/3-1-0-677