*Сияз деген мол шығын. Ол - көп елдің қалың даугерлері келіп орнайды деген сөз. Осы елдің жуан, семіз, мешкей билері, күндіз - түстік, кешке қонақ асы жеп, асықпастан ай жатады деген сөз.
Ежелден мәлім: қай ауылдың үстінде сияз болса, сол ауыл мол шығасылы болмақ. Елден ерекше мазасыздыққа ұшырамақ. Ұлық қай ауылға сияз құрса, сол ауылды қырына алғаны.*