Әйел нәзік болғанымен көп нәрсеге шыдамды келеді, қиындыққа мойынсынбайды, алды-артын ойлап,әрекет етеді. Аналарымыз жайында бір қолымен бесікті,бір қолымен әлемді тербейді жәйдан-жәй айтылмаған. Мықтылығы сол, әкеңді тыңда деп тәлім бере отырып, сыйлата біледі.Шын мәнінде әкеміз "қабырғасымен" кеңеседі ғой. Ер адам мықты болғанымен кездескен сәтсіздікке морт сынғыш келеді, әйелдің ақылынсыз,демеуінсіз өмірден түңіліп кетеді. Тіпті, бір өзі әкенің де,ананың да орнында жүрген әйелдер де жетерлік. Десек те, біздің ділімізде (менталитет) ер адамның тұғыры биік.Әрдайым солай болу керек.