достар маған тарихтан билеттің жауабын табуға көмектесесіздер ме?

0 дауыс
454 қаралым
Сілтеме керекбес,қысқа да нусқа!
1.Мәдениет
2.Дәуір
3.Тарихи деректер
4.Қағанат
Сосын Этногенез деген не?
Мектеп

3 жауап

+1 дауыс
Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы.
Дәуір[1]– халықаралық дәрежеде келісілген бірегей жержылнамалық шкаланың иерархиялық бағыныштылық тұрғысынан төртінші дәрежелі бірлігі немесе бөлімшесі.
Мәдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру деген ұғымдарды білдіреді) – 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.)

УИКИПЕДИЯ САЙТТЫНАН АЛЫНҒАН
+1 дауыс
Қ,тарих Шын кітапта не керек сонын бәрі бар
+1 дауыс
Мәдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру деген ұғымдарды білдіреді) – 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.).[1] Мәдениет[2] – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Дәуір – халықаралық дәрежеде келісілген бірегей жержылнамалық шкаланың иерархиялық бағыныштылық тұрғысынан төртінші дәрежелі бірлігі немесе бөлімшесі.
Қағанат сөзін хандық сөзімен байланыстырса қалай болады?Хандық — орта ғасырлардағы түркі-моңғол қоғамында болған дәстүрлі мемлекеттік бірлестік. Хандық дала өркениетінің ерекшеліктерімен тығыз байланысты болды және өз заманында прогресшіл рөл атқарды. Оның құрамына енген қауымдардың көшіп-қонатын белгілі жері, шаруашылық бірлестігі болды және олар саяси жағынан бірлесіп, сыртқы жаудан өз шекарасын қорғап тұрды.
Ал этногенезді алдыңғы қойған сұрағыңда тауып бердім емеспе?
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы