0 дауыс
12.9k көрілді
сілтеме керегі жок!

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ұлыс — мекен, аймақ, әкімшілік мағынасын беретін көне түркі сөзі. Ұлыс бірнеше мағынада айтылады. 6 ғасырда Ұлыс мекен, қала мағынасында қолданылған. Ұлыстар аймаққа, хотанға бөлінді. Бұларды старшындар басқарды. Ал бірнеше Ұлыстың нояны тайшыға бағынды. Бұл халықтар отырықшы тіршілікке көшкенде де Ұлыстың әкімшілік сақталды.Орталык Азия халықтарында Ұлыс негізінен аймақ мағынасында қолданылды. Мысалы, ноғай ұлысы, он сан ноғай ұлысы. “Ұлыстың ұлы күні” дегенде Ұлыс “аймақтың, елдің” деген мағына берген, яғни сол елге тиесілі ең қасиетті мейрамды білдіреді.
Би — дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі. Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе, В.В. Бартольдтың пікірінше, “би” сөзі шамамен 14 — 15 ғасырларда ежелгі түркі тіліндегі “бек” атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген. Кейіннен бастапқы семантикалық-тілдік реңкінен ажырап, көбінесе, дау-жанжалды шешіп, кесімді төрелік айтушы, әділ үкім шығарушы адамды бейнелеу үшін қолданылған. 17 ғасырда өмір сүрген Махмұд ибн Уәлидің “Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар” атты еңбегінде “жоғарғы мәртебелі әмірлер мен елге сыйлы, пендәуи тірліктен азат адамдардың” барлығы би аталғанын жазады. Ал қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде бұл атау төрт түрлі мағынада:
 ел билеушісі, иелік етуші;
сот, төреші;
батагөй, шешен;
бітістіруші дипломат, елші ретінде ұғынылған.
Билік — қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету” сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді. Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де ол “өкімет” атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі.
жалғасы қайда кетті соңының?
Сөйлем аяқталған, тек көшірілгенде нүктесі ұмыт қалған екен, кешірім сұраймын.
...