+1 дауыс
16.8k көрілді
9 мамырға арналған сценарий тауып беріңіз?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Желбіре,Жеңіс жалауы!
Мақсаты: жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге баулу.
Барысы.
1-жүргізуші:Құрметті қонақтар!Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
Хор-« Жеңіс жыры »,әні С. Жаппарова, 6-7 сынып оқушылары –жетекшісі музыка пәнінін мұғалімі Сейфуллина Қ. С.
Арнау - 10 сынып оқушысы Сатыбалдин Манарбек
2-жүргізуші: Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!

1-жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті!
Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті!
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

2-жүргізуші: Не забыть нам этой даты,
Что покончила с войной.
Победителю- солдату,
Сотни раз поклон земной!

1-жүргізуші: Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,
Халқымыз қуанышты тегіс бүгін
Жауды жаншып, Отанды азат еткен,
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін,-деп ақын жырлағандай, біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас күнге 1945 жылдың 9-мамырында қайта оралды.

2-жүргізуші: Вот 65 лет отделяют нас от суровых и грозных лет войны. Но время никогда не изгладила из памяти Великую Отечественную войну. В сердцах людей она жива, потому что до сих пор еще не залечены раны, не иссекла боль, не забыты те, кто отдал жизнь за Великую Победу, живут среди нас ветераны.

1-жүргізуші: Иә, содан бері 65 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал, 9 мамыр күні бұрын-соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.Бүгін сол Ұлы Жеңіске қарумен, қаhармандығмен ат салысқан майдангерлер салтанатты кешіміздің құрметті қонағы. Осы кісілер біздің арамызда отыр: Мухамадиева Нурбазар, Иманкулова Күлбану апаларымыз.-тыл ардагерлері, Муханов Николай Александрович-Ұлы Отан Соғысының ардагері.
Ардагерлерді құттықтау үшін сөз мектебіміздің директоры Аринов Асқарбек Қасабайұлына, тері-былғары зауатының басшысы, Затон аймағының депутаты Рахимгалиев Жұмағазы Нұрбазарұлына беріледі.

1-оқушы: «Жеңіс» деген – жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы,
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

2-оқушы: Мы здесь с тобой не потому, что дата.
Как злой осколок память, жжет в груди.
К могиле неизвестного солдата
Ты в праздники и будни приходи.

3-оқушы: Шынында бұл-оралған мыңнан бірің,
Бақ нұрына жүзіңді туған күнің
Жеңіс күні өзіңдей көзі тірі,
Майдангерлер бәріңнің туған күнің.

4-оқушы: Он защищал тебя на поле боя
Упал, не шагу не ступив назад.
И имя есть у этого героя
Великой Армии- простой солдат.

5-оқушы: Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңде ұста, құрметте!

6-оқушы: Сияет солнце в день Победы
И будет нам всегда светить
В боях жестоких наши деды
Врага сумели победить.

7-оқушы: Сен құрметте оны!
Түсіндің бе қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап жүрген жоқ,
Қолындағы ұзын таяғын.

8-оқушы: Разве погибнуть ты нам завещала, Родина?
Жизнь обещала, любовь обещала, Родина!
Разве для смерти рождаются дети, Родина?
Разве хотела ты нашей смерти, Родина?

9-оқушы: Денесін оқ паршаласа да,
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Сенің келешегің үшін берді ол,
Азаттық жолында аяғын.

10-оқушы: Пламя ударило в небо, ты помнишь, Родина?
Тихо сказала: «Вставайте на помощь...» Родина
Славы никто у тебя не выпрашивал, Родина!
Просто был выбор у каждого-Я или Родина.

11-оқушы: 65 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
65 жыл шуақты күн таратты әнін
Елімде сонан бері 65 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Соғыста өлгендер тек оралмады.
12-оқушы: Вспомним всех поименно,
Сердцем вспомним своим
Это нужно не мертвым-
Это нужно живым.

13-оқушы: Сен неткен Отан-анам, ғажап едің,
Әсемдеп көркем тілмен жазар едім,
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, ұлы Отаным-қазақ елім.

2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіз тұрып еске түсірейік.

1-жүргізуші: Вечная слава и вечная память,
Павшим в жестоком бою. (минута молчания)

2-жүргізуші: Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.

1-жүргізуші: Жить, работать, воевать, побеждать врага помогали нашему народу на фронте и в тылу песни, созданные в грозные годы.
Кто сказал, что надо бросить песню на войне,
После боя сердце просить музыки вдвойне.

Хор «Смуглянка». (солисты: Төлеубекова А., Султангазинов Е.)

2-жүргізуші: Ұйықтамай Отан
Көз ілмей таңды таңға ұрып,
Мелшиген мына танкілермен жанды үміт
Бұл жеңіс келген, он жасқа толған кезімде.
Анамды жарсыз, әкесіз мені қалдырып,- деп ақын жырлағандай, «Сырғалым» вокалды ансамбілінің орындауында «Соғыстан бұрын туғандар»,әні-О.Сейтказин.

1-жүргізуші: Шығыстың қос шынары .
Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың.
Ерлігіне таң қаламын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы,
Қазақстан аспанында азат күн.
( «Әлия» -10сынып оқушысы Төлеубекова А.)

2-жүргізуші: Все мы любим милую катюшу любим, слушать, как она поет, из врага выматывает душу. А друзьям отваги придает.
( танец « Катюша» -5 сынып оқушылары)

1-жүргізуші: Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды демей ме, дана халқымыз. Қан майданда қол бастап, елінің намысын жауға таптатпаған батырларға арналады.
( «Халқым туралы ән»,әні-Е.Хасанғалиев, «Ақ желкен» вокалдық ансамблі)

2-жүргізуші: Желбірейді бейбітшілік жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың қалауы.- дей отырып, Әлия мен Мәншүк апайларының ерлігін мақтан тұтатын қаламызға мектебіміздің атын шығарып жүрген бишілер тобын ортаға шақырамыз. (би- Қазақстан)

1-жүргізуші: Сегодня эти песни нельзя слушать без трепета и горького чувства утраты. Она заставляет нас вспомнить грозные дни войны, она напоминает о необыкнавенном мужестве людей, отстоявших нашу Родину от врага.
( ән « Офицеры» -10 сынып қыздары )

2-жүргізуші: Помните!
Через века, через года!
Помните!
О тех, кто уже не придет никогда,
Помните!
О тех, кто шел в бой за Родину, выстаял и победил.
Помните!
О тех, кто ради победы сердце отдать был готов.
(ән «Три танкиста» 10 сынып ұлдары)

1-жүргізуші: Ағалар саптан шықпасын,
Аналар қабақ шытпасын,
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын,- дей отырып, ардагер аталарымызға-әжелерімізге келгендеріне рахмет айта отырып, жылда осы Жеңіс күні біздің арамызда мейрамдай берулеріңізге тілектеспіз. Сіздердің құрметтерінізге Динаның күйі
« Тойбастар »

2-жүргізуші: От имени всех учителей школы и учащиеся еще раз поздравляем вас, уважаемые ветераны с праздником. Желаем крепкого здоровья, голубого ясного неба. Спасибо вам за все, что вы нам сделали. Ән « День Победы»

Б.Қ. Шарипова, Д.Т. Абеуова
№26 жалпы орта білім беретін мектеп

Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы.

[мұнда бар екен][1]


  [1]: http://kollegi.kz/publ/7-1-0-2842
Жеңіс күні өтіп кетті емес пе?
0 дауыс
Мақсаты: Аты аңызға айналған Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі және шығармашылық жолымен таныстыру, ерлікке толы өмірін үлгі ету.
Кештің құрал-жабдықтары: Бауыржан өмірі жайлы слайд, банер, Батыр туралы кітаптар көрмесі.

Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске түсіруге арналған 1 минуттық үнсіздік.

Сахнаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші: Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен-1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара тенге айналдырмақ болды.1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.

2-жүргізуші: Құрметті осы кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай және де Отанына шын берілген, қайсар жүрек Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған
«Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен»- атты әдеби кешімізді ашуға рұқсат етіңіздір.

1-жүргізуші: Кешегі неміс-фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Соның бірі, бірі емес бірегейі –қазақтың Бауыржан батыры. Бауыржан Момышұлы деген есімді естігенде ең бірінші патриот, еліне адал адамның бейнесін елестетесің. Батыр атамыз соғыстан оралғаннан кейін батырдың қаруын қаламға айыбастағанын білеміз. Ол майданда бір ерлік етсе, сөз майданында екінші ерлік көрсете білді.

2-жүргізуші: Қазақ халқында мынадай сөз бар: «Ғалымның аты өлсе де, хаты өлмейді»- дегендей, батырдың ерлік туралы айтқан қанатты сөздері де, ел аузында сақталып жүр.
(сахнаға екі оқушы шығып Б. Момышұлының нақыл сөздерін айтады)
1-жүргізуші: Өнерлінің өнерін
Қане байқап көрейік
Жүйрік аттай желейік,
Күй мен жырға кезек берейік.
Сахнаға 9- сынып оқушысы Искаков Адильшені шақырайық. Папури Ұлы Отан соғысындағы әндер.

2-жүргізуші: Батыр бойында қайрат, күш-жігер, қайсарлық молынан көрінеді.
Бауыржан атамыздың әділетсіздікке, екі жүзділікке қарсы тұрып, талай жерде өзіне жау тапқандығын тілге тиек етеді. Батыр бейнесінің әр қыры оның өз шығармаларынан анық байқалады.
Бауыржан Момышұлы «Москва үшін шайқас» атты шығармасынан үзіндіні тамашалаңыздар.
(Көрініс «Москва үшін шайқас»)

1-жүргізуші: Бейбітшілік жайлай берсің жер бетін,
Туы мәңгі желбіресің жеңістің.
Қазір сіздердің алдарыңызға 7-сынып оқушылары «Естесің мәңгі Бауыржан ата» әнін орындайды.

2-жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
(Алдарыңызда 10 сынып оқушыларлары өнер көрсетеді.)

1-жүргізуші: Жолдастары бастарына гүл қойыпты... Бүгінгі ұрпақ кешегі қан майдан ерлерінің жалғасы, қазіргі сіз бен біз мәңгілік ерліктің, өшпес ерліктің рухын өлтірмей, ерлер есімін санамыздан өшірмей ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп келеміз.

2-жүргізуші: Олай болса, құрметті біздің көрермеңдер, қазір сіздердің алдарыңызға ұсынылып отырған Бауыржан Момышұлының «Майданнан жазылған хаттар» атты естеліктерден бір көріністі 8 сынып оқушылары атынан ер рухына арналған ескерткішке қойылған гүл деп қабылдаңыздар.
(Көрініс)

1-жүргізуші: Сүйінші, халқам, сүйінші!
Белінді бекем буыншы,
Жеңдік жауды күйрете,
Жасалған той мереке!

2-жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

1-жүргізуші: Көрдік, сіздерді жайдық құшақ,
Елестетіп жанын қиған құрбандарға.
Қарсы аламыз үлгі тұтып,
Майданды көрген, бізге өмір берген аталарды!
«Ағаларым» әні залды шарықтап орындалып тұрады. Қолдарында гүл шоқтары бар оқушы балалар марш екпінімен залға кіріп, ардагерлерге тағзым етеді. «Ағаларыма» әні орындалады.

2-жүргізуші. Қаптап көкке абырой мен бақ құсым,
Тыныштықпен ата бер менің ақ таңым.
Ғасырдан ғасырға өтіп, тарих шежіресіне талай ерлік пен қаһармандардың үлгілері жазылар. Бірақ, солардың ішінде Ұлы Отан соғысы гитлершіл Германия әскерлерін талқандап, жер жүзін фашизм апатынан аман алып қалған Ұлы Жеңісі халық қаһармандарының өшпес өнегесі болып мәңгі жарқырай береді.

1-жүргізуші: Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен әскер мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Олардың рухына қандай көйлек жолдарына, біздер тізе бүгіп, бас иеміз.
Міне, біз сол тамаша Жеңістің 65 жылдық ұлы мерекесін тойлап отырмыз. Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан. Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталды.
(Ең соңында «Жеңіс күні» әні хормен орындалады.)
...