химиядан билет сұрағын таба алмай жатырмын!!!!!!!!!!!

0 дауыс
506 қаралым
химиядан билет сұрағын таба алмай жатырмын! 1.Металдарға жалпы сипаттама Бекетов қатары бойынша олардың қасиеті
• Санаты: Химия | 506 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Бекетов қатары:

сулы ерітінділердегі тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы металдардың салыстырмалы белсенділігін сипаттайды.

Li→Cs→Rb→K→Ba→Sr→Ca→Na→Mg→Al→Ti→Mn→Zn→Cr→Fe→Cd→Co→Ni→Sn→Pb→H→Sb→Bi→Cu→Hg→Ag→Pd→Pt→Au

Бұл қатарда металдардың электрон беру, яғни тотықсыздандырғыш қасиеті солдан оңға қарай кемиді. Басқаша айтқанда әр металл өзінен кейінгілерін тұздар ерітіндісінен ығыстырып шығарады. Салыстыру үшін қатарға сутек те орналасқан. Активтік қатарда сутекке дейін орналасқан металдар сутекті қышқылдардан ығыстыра алады. Сутектен кейін тұрған мыс, сынап, күміс, платина және алтын қышқыл ерітінділерімен әрекеттеспейді, өйткені сутекті ығыстыра алмайды. Активтік қатарға сүйеніп, металл, тұз және қышқыл ерітінділерінің арасындағы реакциялардың жүру мүмкіндігін алдын-ала болжауға болады. Активтік қатар заңдылығы металды бос күйінде бөліп алуға және оны коррозиядан қорғауға мүмкіндік береді.

Ұқсас сұрақтар

127,939 сұрақ
322,826 жауап
153,169 пікір
72,940 қолданушы