Жауын құртының дене қуысы қандай?

+1 дауыс
6.9k қаралым
Жауын құртының дене қуысы қандай
• Санаты: Жалпы сұрақ Белгісіз

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
ЖАУЫН ҚҰРТЫ, шұбалшаң – азқылтанды құрттардың бірнеше тұқымдасын біріктіретін үлкен топ. Бұлар көбінде топырақ астында тіршілік ететін ірі құрттар. Тропиктік жерлерде кездесетін кейбір жауын құртының ұзындығы 2,5 м-ге жетеді. Жаңбыр ұзақ жауып індері суға толып кеткенде, топырақ бетіне шығып жорғалап жүретіндіктен жауын құрты аталған. Бұлардың арасында жиі кездесетін нағыз жауын құртының (Lumbrіcіdae) дене тұрқы 2 – 3 см-ден 50 см-дейін, жуандығы 1 мм-ден 20 см-ге дейін. Денесі 300-ге тарта сегменттен тұрады, әр сегментінде жорғалау кезінде тірек болатын шоқ-шоқ қылшықтар орналасады. Арнайы сезім мүшелері болмағанымен терісі сезгіш клеткаларға бай. Тері жамылғысы арқылы тыныс алады, қан айналу жүйесі – тұйық, құрамында гемоглобин болғандықтан қаны қызыл түсті. Жүйке жүйесі жұтқыншақ үстіндегі ірі жүйке түйінінен және сегменттерінің бауыр жағында орналасқан жүйке тізбегінен тұрады. Денесінің үзіліп қалған бөліктерін қайта жетілдіру (регенерациялау) қабілеті жақсы дамыған
0 дауыс
[Мынадан көр][1]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/Жауын_құрты

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
4 жауап
127,832 сұрақ
322,464 жауап
153,161 пікір
73,005 қолданушы