1. «Заряд» тобының таныстыруы:
Біздің топта 4 оң заряд(ұл) пен 3 теріс заряд(қыз) бар.
Күнде бұл зарядтар бейберекет қозғалыста болады(Қоңырау кезінен көрініс)
Бұл зарядтар бір-бірімен өзара әсерлеседі.(Ұл мен қыздардың бір-бірімен құшақтасуы, амандасуы, араласуы)
Бұл зарядтардың ішіндегі активті, физикалық қасиеттері ерекше бөлшектермен таныс болыңыздар:
Назерке-+ зарядты тірі бөлшек.Көзінің өтімділік қабілеті өте күшті.Бір күні кітап оқып отырып, басына алма құлап түседі.Сонда ол мына заңды ашты:
«Алма-алма ағаштан алысқа құламайды»
Айсауле,Азимхан -бойының биіктігі 2метрге жуық.Жүрісі-уақыт өтуімен өзгеріп отырады.Заряды 1-2-3 сабақтарға ғана жетеді,7-8 сабақта қайта зарядталады.Мінезі салмақты.
Нұртуған,Русалим -ұзындығы 1м 70 см .Дауысы өте жоғарғы жиілікті толқын болып табылады.Сөйлеген сөзінің жылдамдығы вакуумдағы жарық жылдамдығымен тең, сағатына 300000км/сағ,топқа пайдалы әсер коэфициенті 100 %.
Мейрамбек,Насипа -шашының ұзындығына қарасақ, оң заряд па теріс заряд па белгісіз,бейтарап деп айтамыз.Магнит өрісі әлсіз.
2 «Атом» тобының таныстыруы:
Біздің топ: Атом
Атом- оң зарядталған протондар мен теріс зарядталған электрондардан тұрады.
Бұл бөлшектер бейберекет қозғалыста болады
Бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі.
Білім қуған,өнер қуған жастар едік,
Бәріміз де өнер жолын бастап едік
Қызық заңдар қайда, қиын теңдеу қайда
Оны шешер өжет жастар қайда екен?