Дүние есігін ашқан әрбір жанның өсе келе өмірге деген құлшынысы,дүниетанымы,көзқарасы,арманы болады.Әр адамға жауапты кезең бұл болашақ мамандық таңдау.
Болашақ мамандығынды таңдап,сол бағытта оқып, жұмыс естегенге не жетсін! Ол арманға жететін де бар,жете алмайтындар да бар. ’’Думанды өмірден сыбағаңды алып қал, артыңда келер ұрпаққа өнеге боларлық із қалдыр, адамдық атыңа кір келтірме’’ демекші, ’’жер беті’’ деп аталған алып сарайдың берік қабырғасына болашаққа ескерткіш боларлық кірпіш қалап, өз қолтаңбанды қалдыру әркімнің арманы болар, сірә?! Сол арманға мен де жетсем деймін... Әркім өз арманын әр арнаға бұрады. Менде де арман аз емес. Ол арманға жеткен сайын, басқа армандарымның орындалғанын қалаймын. Білерім: адам өмірде тек қолы жетпес дүниені армандайды екен, бірақ ол белестерді оқу, еңбек арқылы бағындыруға болады. ’’Армансыз адам алысқа бармас’’ дейді дана қазақ халқы. Менің де ойлаған арманым, көздеген мұратым, жетем деген мақсатым бар...армандарымның орындалуы үшін Өмірдің қиын сәттеріне төтеп бере алатындай,...шыдамды,сабырлы болуым қажет...және еңбек ету...Еңбек еткен табысқа жетер деген...ж/е
Барлықтырыңыздың армандарыңыз орындалуына тілектеспін...