49-бап. Өлiм жазасы
1. Өлiм жазасы - ату жазасы адамдардың қаза болуына ұштасқан террористiк қылмыстар үшiн, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшiн ең ауыр жаза ретiнде белгiленедi, ондай жазаға кесiлген адамға кешiрiм жасау туралы өтiнiш ету құқығы берiледi.
2. Өлiм жазасы әйелдерге, сондай-ақ он сегiз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және сот үкiм шығарған сәтте алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.
3. Қазақстан Республикасының Президентi өлiм жазасын орындауға мораторий енгiзген кезде, өлiм жазасы туралы үкiмдi орындау мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады.
4. Өлiм жазасы туралы үкiм ерте дегенде ол күшiне енген сәттен бастап бiр жылдан кейiн, сондай-ақ өлiм жазасын орындауға мораторийдiң күшi жойылғаннан соң ерте дегенде бiр жыл өткеннен кейiн орындалады.
5. Өлiм жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен жазаны ерекше режимдегi түзеу колониясында өтеу арқылы өмiр бойы бас бостандығынан айыруға немесе жиырма бес жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкiн. Өлiм жазасына кесiлген адамдардың, өлiм жазасын орындауға мораторийдiң күшi жойылған жағдайда, олардың мораторий енгiзiлгенге дейiн өтiнiш бергенiне немесе бермегенiне қарамастан, кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруге құқығы бар.