Жел қайдан, қалай пайда болады?

0 дауыс
16.9k қаралым
• Санаты: Жалпы сұрақ 1 спам

1 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Жел атмосфера қабаттарында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады әрі жоғары қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады. Ауа қысымы уақыт пен кеңістікте тұрақты болмайтындықтан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Желдің бағытын көкжиектің қай тұсынан соғуына байланысты анықтайды және оны градуспен немесе румбымен (16 румбылық жүйемен), ал жылдамдығын – м/с, км/сағ, узелмен немесе балмен (Бофорт шкаласы бойынша) өрнектейді. Биіктікке көтерілген сайын үйкеліс күшінің азаюына байланысты жел қуаты өзгереді, сонымен қатар ол градиенттердің өзгеруіне де тәуелді болады. Жел үлкен аумақты қамти отырып, көлемді ауа ағындарын (муссондар, пассаттар, т.б.) туғызады, осыдан жергілікті және жалпы атмосфералық айналым пайда болады.
жақсы жауап, Ардақ.
спамдарыңдыссс.
спамдарыңдыссс??????? Түсінбедім...
Біреу тәп-тәуір сұрақтар мен жауаптарға Спам басып жүр. Соларға да...
Ал жауабың шынымен, Жақсы)

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
5 жауап
0 дауыс
1 жауап
4.04.2022 • Санаты: Өмір, Тіршілік Белгісіз сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
127,832 сұрақ
322,463 жауап
153,161 пікір
73,002 қолданушы