0 дауыс
6.7k көрілді

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
![description][1]
Дөнер кәуап - тағамдардың түрі. Түрік халқының ұлттық тағамы, түрікше "döner kebab" деп аталады, қазақша мағынасы "айналатын кәуап". Бұл кәуаптің немесе еттен жасалған тағамдарының бір түрі. Дөнер кәуап Түркияда пайда болған, бірақ кейде бұл тағам араб елінде пайда болып "шаурма" деп атаған, кейін араб елдері Осман империясының бір бөлшегі болған кезде, түріктерге келді дейді. Керісінше, дөнер кәуаптың шаурмамен ұқсастығы болса да, бұл мүлдем басқа тағам, деген пікір де бар. Сол пікір бойынша, дөнер кәуап шашлык (кәуап), люля кәуап, адана кәуап, тағы басқа осман, әзірбайжан, Кавказ түркі халықтарының еттен қуырылып жасалған тағамдарға ұқсас, кәуаптің бір түрі, түрік халқының, тіпті түркі халықтарының тағамы. Қалай болса да, дөнер кәуаптің ең кең жайылған жер Түркия, жер жүзіндегі жұрт бұл тағамды түрік ұлттық тағамы деп санайды. Соңғы жылдарда, дөнер кәуап Еуропа, Америка, ТМД мемлекеттерінде кең жайылған. Қазақстан тәуелсіздігін алып, бауырлас Түркиямен қарым-қатынастары дамытқан соң, бұл түрік тағамы Қазақстанда кең жайылып, жұрт сүйетін тағамдарының біріне айналған. Дөнер кәуаптің негізі - сапыға салынған тұлғаның қасында айналатын ет (кәуап). Сол кәуапті пышақпен турап, нанның, шелпектің бір түріне (лавашқа, түрікше "ekmek", мағынасы "нан") салады, қуырылған картоп, помидор (қызынақ), қияр, пияз, сәбіз қосады, кетчуп, майонез құяды да орайды. Дөнер кәуапті ораған соң, тағамды дөнер дүрім (döner dürüm), немесе "айналатын орама" деп атайды. Дөнер кәуапті лаваш шелпекке(екмекке) емес, екі тілім жай нан арасында салса, оны дөнер сэндвич деп атайды. Табаққа салса, Ыстанбұл кебаб, Ескендір кебаб деп атайды, бұл аймақ пенен рецепттен байланысты.


  [1]:
Рахмет сізге.
Белгісіз
Донер кебаб ен зиян тагам. Ойткени неше турли ауруларга акеледи жане семиздикке,брак айына 1,2 рет жеп туруга болады арине)
0 дауыс
менің сүйіктім ғой бұл)))))))))))))))))))))))))
донер уважаю кунде жей тангы аска
0 дауыс
Ммммда, ең қатты жақсы көретін кәуабымғой)))).
0 дауыс
Дөнер кәуаптың іші жақсысы жақсығой, сыртынын қамыры піспей қалғаны болмаса, егер қамырын дұрыстап пісірсе неге жемеске біржағынан көшеде жеген ыңғайсыз...
жаксы екені жаксығой, бірақ денгсаулыққа өте зиян... маған ұнамайды...
...