+1 дауыс
616 көрілді
Ол менен 1 жас кіші жігіт, кезінде менімен жүріп жүргеннін өзінде көп қыздарға козін салды, мен қанша тастап кеткеніммен артымнан қалмай сүйетінін айтып, жас болғасын жай мазақ қылдым деген сылтаулары бітпейтін. Мен оны шын сүйгендіктен көп кешірдім. Біз солай 2 жыл жүріппіз, қазір мен одан бас тартым, оған себеп көп болды. Менің анам оны жүре бастаған кезден жақтыртпады, сенен жасы кіші деп. Бірак мен анама қарсы шығып, сүйетінімді айтып жендім. 2 жыл жүргеннен кейін ол жігіттін де анасы мені жактырмайтынын білдім. Онда да анасы маған звондап баласынан бас тартқанымды қалады және ұлынын мұны білмеуін айтып қорқытты. Мен не істерімді білмедім. Қатты қиналдым. Анасынын айтқанына келіспей күресуіме болатын еді, бірак менің жігітімде өзіме адал емес еді. Сөйтіп жігітімді тастап кеттім, қазір 1 жылдай болып калды әлі ұмыта алмай жүрмін, ол да мені ұмыта алмай күнде хабарласады. Ол озіне сенгенін қалайды, енді алдамайтынын айтып, бақытты қылам дейді. Өзім қалағаныммен болашағымды ойлаймын.Жасым 20-дан асты. Қазір қиналғаныммен уақыт оте умытатын шығармын деп ойлаймын. Не істесем болады? Оған сенуіме бола ма?

3 жауап

0 дауыс
*Әрине,біз ұмыт десек СІЗ ұмыта алмайсыз ғой, шын ба?
Сұрақты нақтылап қойыңыз,не үшін?қандай себеп?Сонда ғана СІЗГЕ де нақты жауап табылады ...*
0 дауыс
Ұмытуға тырыс) Бәрі жақсы болатынына сен, не дегенмен өмір жалғасады. Сіз оны ойлап өмір бойы жүре алмайсыз!
мумкин! рахмет, колымнан келгенше тырысамын!
0 дауыс
Ата-аналарың жақтырмайтын болса, қою керек қой ондай қатынасты. Басқа қалаға көшіп немесе оқуға түсіп кетсең, ұмытасың оны. Телефон номеріңді де ауыстырып, ізіңді қалдырмасаң көп кешікпей ұмытасың, өзіңе сай басқа адамды да тауып қаларсың...
рахмет конілінізге. номерімді ауыстырып, басқа қалағада кеттім ұмыту үшін, бірак неге екенін білмейм ойымнан шығара алмадым,сосын қайтып келдім. Басқа жігіттер сезімдерін білдірып жатсада оларды жігіт ретінде қабылдай алмадым,даже мулде мән бермедім десе де болады. Ол маған да, менін сезіміме де лайық емес  екенін 100% біліп турсамда, соны ойлай берем. мумкін маған әліде уақыт керек шығар........
...