химиядан билет сұрағын таба алмай жатырмын! Көмектесіңіздерші!!!

0 дауыс
472 қаралым
химиядан билет сұрағын таба алмай жатырмын!    1.Металдарға жалпы сипаттама Бекетов қатары бойынша олардың қасиеті
• Санаты: Химия

1 жауап

0 дауыс

Активтік қатар химияда — металдардың электролиттік ерітінділерінің электродтық потенциалының өсу реті бойынша орналасу тәртібі. Оны “ығыстыру қатары” деген атпен 1865 жылы орыс ғалымы Н. Н. Бекетов (1827 — 1911) мынадай жүйемен ұсынды:

Li→Rb→K→Ba→Sr→Ca→Na→Mg→Al→Mn→Zn→Cr→Fe→Cd→Co→Ni→Sn→Pb→H→Sb→Bi→Cu→Hg→Ag→Pd→Pt→Au

Бұл қатарда металдардың электрон беру, яғни тотықсыздандырғыш қасиеті солдан оңға қарай кемиді. Басқаша айтқанда әр металл өзінен кейінгілерін тұздар ерітіндісінен ығыстырып шығарады. Салыстыру үшін қатарға сутек те орналасқан. Активтік қатарда сутекке дейін орналасқан металдар сутекті қышқылдардан ығыстыра алады. Сутектен кейін тұрған мыс, сынап, күміс, платина және алтын қышқыл ерітінділерімен әрекеттеспейді, өйткені сутекті ығыстыра алмайды. Активтік қатарға сүйеніп, металл, тұз және қышқыл ерітінділерінің арасындағы реакциялардың жүру мүмкіндігін алдын-ала болжауға болады. Активтік қатар заңдылығы металды бос күйінде бөліп алуға және оны коррозиядан қорғауға мүмкіндік береді.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
2.08.2020 • Санаты: Ән іздеу Белгісіз сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
127,776 сұрақ
322,351 жауап
153,150 пікір
72,811 қолданушы