Кейінгі кездері өз-өзімнен бірдеңеге көңілім толмай жүр. ҰБТ тақалған сайын жүрегім аузыма тығылады. Неге екенін білмеймін, біреу маған жақсы қабақ танытпаса жылағым келетінді шығарып алдым.. Жан дүниеме ауыр тас кіріп кеткендей, өзімді біртүрлі сезінемін.. Айқайлап жылап та алғым келеді, бірақ жылай алмаймын. Бұл стресстен қалай құтылсам болады? Тіпті сабақ оқуға зейінім де төмендеп қалды.. Сабақты есіме алсам ҰБТ есіме түсіп қорқа бастаймын(((