0 дауыс
1.1k көрілді
Биология пәніне байланысты -ауатамырлардың маңызы қандай?

1 жауап

0 дауыс
Құстардың тыныс жүйесінде де үшуға бейімделген белгілері айқын байқалады. Сыртқы танау тетіктері - жүтқыншақпен, ол көмекей арқылы кеңірдікпен байланысады. Кеңірдек екі ауатамырға тармақталады. Өкпесінің көлемі шағын, іші үяшықты болады. Ауатамырлардың үсақ тармақтары тұйықталып, тері астында, бүлшықеттердің арасында ауа қапшықтарын құрайды. Ауа қапшықтарының көлемі өкпеден 10 есе үлкен. Бірақ ауа қапшықтарында газ алмасу жүрмейді. Ауа қапшықтары ауаның сыйымдылығын арттырып, ұшу кезінде құс денесін жеңілдетеді. Денесін қызып кетуден сақтайды. Құстар үшқан кезде өкпеле ауа қүрамындагы оттегіне қан екі рет (тыныс алған кезде де, тыныс шығарған кезде де) канығады. Құстардың мұндай тынысалу ерекшелігін қосарлы тынысалу деп атайды. Құстар ағаш басына қонақтағанда, жерде жүргенде кеуде қуысының бірде кеңейіп, бірде тарылуына сәйкес тыныс алады. Кеңірдекте екі ауатамырға тармақталған жері төменгі көмекей деп аталады. Осы арқылы әнші құстар дыбыс шығарады.
...