Жәй ғана бәрін ысырып тастап, күліп жүрген дұрыс. Ашылыңыз. қырсықтығыңыздың өзіңізден басқа ешкімге келіп-кетер пайда/зияны жоқ. Ал өзіңізге келіп-кетер зияны өте көп. Басқаларды түсіну үшін, алдымен, оның орнына өзіңізді қойып көріңіз. Сіз өмірге қаншалықты күліп қарасаңыз, сізге де өмір соншалықты күліп қарайды. Айналаңыздағы адамдарға шуағыңызды шашыңыз. Ойланыңыз, ертең бұл өмірде болмауыңыз мүмкін. Немесе бір сағаттан соң болмауыңыз мүмкін. Ойнаңыз, күліңіз, қыдырыңыз. Адамдармен жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Рахмет!