+2 дауыс
3.2k көрілді
Электронды темекі жайлы айтып өтсеніздер?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

2004 жылы Қытайда жасалған екен. Дүниежүзілік денсаулық ұйымы темекінің бұл түріне тыйым салған. Сондай-ақ 2008 жылы Дания мен Израил да шектеу қойған екен. Сондықтан да бұл темекіге, тіпті басқа түріне де жоламай-ақ қойғаныңыз абзал!

 

 

0 дауыс
Бір көршім темекінің осы түріне ауысу арқылы шылым шегуді мүлде қойып кетті.
0 дауыс
<!--наполнение--><!--заголовок-->

Кубада 70 метрлік темекі дайындалды

<!--/заголовок-->

Кубаның Хосе Кастелар Каиро есімді тұрғыны ұзындығы 230 фут (шамамен 70 метр) болатын темекі орап шығарды. Бұл туралы UPI ақпарат құралы жазады.

Хосе осыған дейін де ұзындығымен ерекшеленген бірнеше темекі ораған бола­тын. Мәселен, 2001 жылы ол ұзындығы 36 фут болатын, 2003 – жылы 48, 2005 жылы – 70, ал 2008 жылы 149 футты құрайтын шы­лым дайындады. Соңғы шылымды әзір­­леуді ол ағымдағы жылдың 25 сәуірі­нен бастап, тек 3 мамыр күні аяқтады. Ку­ба­лық темекіге өзінің фермасында өсірілетін табакты ғана пайдаланған. Хосе өзінің соң­ғы жасап шыққан дүниесі Гиннес рекордтар кітабына енетініне сенімді. Қазіргі күні аталған темекі Гаванадағы Морро-Кабанья саябағына қойылды. Шы­лым Кубада мамырдың 2-7 аралығында өтетін FITCuba туристік көрменің негізгі экспонаты ретінде танылды, guinnessworldrecords.com сай­тының мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі таңда әлемдегі ең ұзын темекі ретінде 2009 жылы Флоридада дайындалған темекі мойындалған. Оның ұзындығы 196 футты (шамамен 60 метр) құрайды

0 дауыс

– Тереңірек тартыңыз. Кәдімгі шылымға қарағанда понс-сигара қауіпсіздеу, маған сеніңіз. Егер темекі тартатын болсаңыз, осындай темекі тартқан жөн, - деп, сауда нүктелерінің біріндегі сатушы өз тауарын мақтай жөнелді.

Шүбәланған клиент қалай екенін байқап көрмек болып, үнсіз ғана темекіні тартып тұр. «Міне, ішіңізге сорыңыз, жақсы... Өзіңіздің көзіңіз жетеді: кәдімгі темекі жанғанда шығатын иісі де, түтіні де, канцерогендер де, басқа химиялық элементтер де жоқ. Оның үстіне, темекі тартуды қойғылары кеп жүргендер де тарта алады. Бізден түрлі құрамдағы никотині бар картридж сатып аласыз да, мөлшерін біртіндеп азайта бересіз... Жігітім, оны жиі тарта берудің қажеті жоқ, - деп ескертіп қойды сатушы. Клиентінің кетіп бара жатқанын көрген ол: - Сіз тек никотин ғана жұтасыз. Бұл... бұл керемет», - деп айтып жатты.

Электронды темекілер соңғы кездері кеңінен жарнамаланып кетті. Егер сатушыларға сенер болсақ, электронды темекілер кәнігі шылым шегушілер үшін денсаулықтарына зиянсыз ғана емес, тіпті пайдалы көрінеді. Оның пайдасы сол, олардың көмегімен шылым шегуді оңай қойып кетеді екен. Мұны «АЖ» тілшісі тексеріп көрмек болды.

Электронды темекіні понс-сигара деп те, е-сигарета деп те атайды. Ол кәдімгі темекіге ұқсайды, тек сәл ауырлау және ұзындау. Екі металл түтіктен тұрады. Ортасына батарейка мен никотині бар картридж салынады. Батарейка картриджді қыздырып, никотиннің буы шығады. Сол кезде шылым шегуші түтінсіз, зиянды заттарсыз үйреншікті темекінің дәмін сезінеді. Ал электронды құрылғы әдеттегі темекіге көбірек ұқсау үшін, өнертапқыштар оны арнайы лампамен жабдықтаған. Ол темекі тартушының демін  ішке тартқанын, сыртқа шығарғанын сезініп, ішке тартқан кезде жанады екен. Бұл бұйымның бағасы арзан емес. Қуат бергіш құрылғысымен бірге бір темекі атыраулық сатып алушы үшін 14 мыңнан 35 мың теңгеге дейінгі аралықта көрінеді. Бағасы жиынтығына байланысты болады.

 

ПЛАСТМАССА АЛМА

Сигарды байқап көруге келіскен жанның есімі Иван. Темекіні 10 жылдан бері шегіп келеді келеді.

– Кәдімгі темекіден айырмашылығы қандай?

– Кәдімгі темекі сияқты сезіледі екен. Өкпем түтінге толып жатқандай сезіндім. Сатушы жарнамалап жатқанда мен шамамен он минуттай үсті-үстіне тарттым. Иісі бар түтіннің орнына, әлдебір бу шықты.

– Сізге ұнады ма?

– Егер салыстырар болсақ, кәдімгі темекі – көк алма, ал электронды темекі – пластмасса алма секілді. Мұның денсаулық үшін зияндығы анағұрлым аз шығар, бірақ бұл батарейка менің темекіге тәуелділігімді жоя алады деп ойламаймын.

– Неліктен?

- Өйткені бес минут та өткен жоқ, ал менің темекі тартқым кеп тұр. Тек нағыз дәмі мен түтіні бар шын темекіні ғана.

 

ҚҰРАМЫНДА КАНЦЕРОГЕНДЕР БАР МА?

АМжГИ студенті Зарина НЕТАЛИЕВАшылымды бес жылдан бері шегеді екен және шылым шегетін құрбылары секілді өзінің зиянды әдетінен қысылмайды. Бірнеше рет темекіні қойғысы келген. Бірақ әрі кеткенде 3 айға ғана шыдайды екен. «Кешікпей жүкті болып, дүниеге сәби әкелгім келеді. Понс-сигаралар денсаулығыма зиян келтірмейтін шығар деп үміттенемін. Оның үстіне қазір бұл сәнге айналған. Темекімен бірге стильдегі құтысы бірге сатылады. Кәдімгі қораптан әдемі көрінеді. Темекі шеккен кезде иісі болмайтыны, тісте дақтардың қалмайтындығы ұнады. Мен ризамын».

Иә, кейбір жақсы жақтары бар. Алайда  осы артықшылықтарын бір ғана кемшілігі жоққа шығарады. Электронды темекінің адам денсаулығына әсері аз зерттелген. Мәселен, Бостон университетінің қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің зерттеушілері электронды темекінің қауіпсіздігі туралы айту әзірге ерте деп есептейді. Дегенмен, оның құрамындағы канцерогендік заттектер кәдімгі темекіге қарағанда 1 000 есе аз. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары қажетті клиникалық сынақтар жүргізілмегендіктен, электронды темекіні сатуға тыйым салу керек деп отыр.

 

ЕШКІМ ДЕ ОҒАН СЫНАҚ ЖАСАМАЙДЫ

Біз Атырауда осы өнімді таратумен айналысатын адаммен – Сергей ШУТОВПЕН хабарласып, электронды сигараның барлық қажетті құжаттарын ұсынуды өтіндік. Таза жарнамалық парақтардың ортасынан анағұрлым қызықты нәрсе табылды. Мәселен, Астананың санэпидемиологтары растаған құжат: «Бұл өнім міндетті сертификаттауға тиесілі өнімдер мен қызметтер тізіміне кірмейді. Бұл бұйымда  никотин, пропиленгликоль және хош иісті компоненттер бар. Осы көрсеткіштерді анықтау Астананың санитарлық-гигиеналық сараптама орталығының тізімдемесіне кірмейді».

Тағы бір құжат бар – әлдебір «Федеральный центр гигиены и эпидемиологии по железнодорожному транспорту» Федералдық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесі Солтүстік-Кавказ филиалының электронды темекіні сынау хаттамасы. Жалпы, бұған пойыздардың қандай қатысы бар екенін білмеймін, бірақ бұл адамдар өздерінің зертханалық зерттеулерін жүргізіп, понс-сигараның құрамын анықтапты.

«Кәдімгі темекілерде 4 000 химиялық қоспалар болатыны белгілі, ал электронды темекілер жөнінде ештеңе де белгісіз, - деп түсінік берді дәрігер-нарколог Светлана СТРАМОУСОВА. –  Атырауда ешкім де оны зерттеуді қолға алған жоқ. Әзір қолға алмайды да».

Жалпы, электронды темекінің сыры беймәлім боп тұр. Ресей ПМБА пульмонология ҒЗИ директорының орынбасары Николай АНТОНОВ «Наш мир» газетіндегі сұхбатында электронды темекі шылым шегуден бас тарту тәсілі емес, керісінше, ол денсаулыққа зор нұқсан келтіреді деп есептейді.

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы электронды темекілерді пайдалануға үзілді-кесілді қарсы, - деп мәлімдеді ол. – Мұндай темекілерде никотиннің мөлшері өте көп болады. Оның темекі тастауға көмектеспейтіндігін былай қойғанда, керісінше, ағзаның никотинмен улануына себеп болады.

Ал адамның темекі тартуды қоюы да даулы мәселе. Қалай еткенде де, электронды темекі ауызға қыстырып, түтінін жұту секілді моторлық тәуелділікті және стресстен арылтады деп сенетін психологиялық тәуелділікті жоймайды. Адам тек өзі қатты қалаған кезде ғана темекіні қоя алады екен.

 

«Википедиядан»: электронды темекілерді 2003 жылы гонконгтық Ruyan Group Ltd компаниясы шығарып, патенттеген екен. Басқа дереккөздерде бастапқыда олар темекі шегуге тыйым салынған жерлерде сату үшін жасалған делінген. Сатып алушылардың аз болғаны сондай, маркетологтарға өз тауарлары үшін жаңа тыңдармандарды іздеуге тура келген. Сол кезде тың идея келіп, электронды темекіні шылым шегуді тастағысы келетіндерге ұсынған. Сөйтіп, «шылым шегудің баламасының арқасында темекімен біржола қош айтысасыз» деп жарнамалана бастаған.

Анастасия ПАСТУХОВА ("Ақ Жайық" газеті)

0 дауыс
сонда электронды темі арқылы кәдімгі темкіні қойып кету 50-50 ғо

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
6 жауап
Жолаушы 12.12.2015 Тазалық сұрақ қойды
0 дауыс
16 жауап
+1 дауыс
11 жауап
...