Мен ашулансам, ызамды ішіме жұтамын. Өйткені, қатты ашулансам біреудің істеген жамандықтарының барлығы есіме түседі де айтқым келеді. Көбіне өзімді ұстап қаламын. Себебі, кейін араласатын адам болса көңіліне тиеді. Ашуланған кезде ашумен көп нарсе істеуге болады, жақсы нәрселер. Мысалы, заттарымды қайта жинаймын, кір жуып тастаймын, сабақтарымды оқып тастаймын. Барлығын тез тез бітіріп тастаймын. Ашуым басылғаннан кейін не үшін ренжігенім есімнен шығып кетеді.