+1 дауыс
8.5k көрілді
"Жыл оқушысына" таныстыру керек еді? Қайдан алуға болады?

1 жауап

0 дауыс

Армысыздар жиналған көпшіл қауым,

Биік қойған жанынан ұлдың арын!

Ұл өсірген қазақтың қайғысы осы,

Қатал сынға салатын әр қадамын!

Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,

Ақылы озық - біреуге күң болмайды!

Келіні дана болған қазағымның,

Ұлдары өзге елге құл болмайды!

Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,

Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!

Топтан озу мақсатым болмаса да,

Сері болу мақсатым сегіз қырлы!

Әділқазы алқасы армысыздар!

Бейне бір жауатұғын қармысыздар.

Жігіттерге әділ баға беретұғын,

Әділеттен жаралған жанбысыздар?!

Шыр етіп туысымен адам болдым,

Жыл сайынөсіп толып, өрлеп қондым.

Тобықтай тұла бойда бір мінім жоқ,

Жігіттер сайысына бүгін, міне, келіп тұрмын.

Өлшеу жоқ өнерімнің табысына,

өріске ойдағыдай барысыма.

Жарқылдап жай оғындай сайыстарда,

Көрсетем үздік өнер намысына.

Ұстаздарым мейірленіп, дос сүйсінсін,

Керемет қызық өнер құрғаныма.

Бейбітшілік туы астында біз өрлейміз.

Шығамын биік өнер шыңдарына!

Мақтанам мектебімнің таңын көріп,

Көктемнің жайма шуақ таңын көріп,

Білім мен тәрбиенің күшін қосып,

Орнаған сыныбыма бағын көріп.

Қуанам сыныбымның нұрларына,

Достарымның толған ой мен қырларына.

Тәрбиелеп өсірген жемістерін

Сыныптың жақсы оқыған қыз бен ұлдарына.

Құшағыңда құлпырып,

Достар менен бірге өскенмін.

...- сыныптың сегіз қырлы, бір сырлы,

Ағы мен көздің қарасы,

Сыныптың жігіт сұлтаны.

Қорғап келген намысын,

Өнерге қарсы аттанған

............ мен боламын.

Найман(руы) екен кешегі бір атамыз.

Әкем аты ..... асқар тауым,

Пана болып біздерге жүз жасаңыз!

Анашым,

Жүзінен төгілетін күннің нұры.

Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,

Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!

Ұстазым - .... апай аяулы адам,

Біздерден бар білгенін аямаған!

Осындай ұстаздардың арқасында,

Көпшіліктің көңілі тояр маған!

Көп айтып өз жайымды не қылайын,

Өнеріммен одан да таң қылайын!

Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,

Сахнаның төрінде сән құрайын!

Бабалар Қаныш, Мұхтар алғыс айтам

Ғылыммен елің үшін танысқанға,

Өнердің сара жолын салып берген,

Бас ием Ұлы Абай данышпанға.


http://qa.bilim-all.kz/585/қыз-сыны-байқауына-өзін-өзі-таныстыру-өлең-жолдары

Ұқсас сұрақтар

...